Жаңалықтар

Қырық жылдан кейінгі кездесу

Мектептегі шақ – адам өмірінің ұмытылмас тәтті кезеңі. Содан болар, еңкейген қария да мектепте өткізген сәулелі сәттерін әңгімелегенде жаны жадырап шыға келеді. Мәселен, Қаражал қаласындағы №1 орта мектеп қабырғасынан 1978 жылы түлеп ұшқан түлектердің қырық жылдан кейінгі кездесуі – осындай сағынышқа толы кештердің бірі болды.

Айкен Садықұлы, Оңал Сәдуақасқызы, Бәкен Қалиақпарқызы, Бақыт Махмұтқызы бастаған ардагер ұстаздар тобы кешегі шәкірт – бүгінде ел ағасына айналған қымбатты шәкірттерін қуана қарсы алды.

Түлектер атынан сөз алған Ерлан Күзекбаев Төле би көшесіндегі ескі ғимаратта 1-сыныпқа қабылданғанда мектеп директоры болған Әліп Төлешұлына, алғашқы ұстаздары Сарқытжан Жалмағамбетова, сынып жетекшілері Бәкен Қалиақпарқызы мен барша ұстаздарына алғыс жолдады.

Мектептің мәжіліс залында Рымкеш Түктібаева, Дина Сағитова, Жаңабай Мақаев, Дәулетбай Әбілқасымов, Жұмағали Аманов, Қали Ұзақбаев, Жолдас Сембиев, Мейрам Асанов, Сәуле Есенбекова, Рымтай Қапарова мазмұнды естеліктерімен бөлісіп, қатарларынан ерте озған сыныптастарын еске алды.

Бибіғайша Мұхаметжанова, Баян Байдулатова, Дәметкен Оспанованың ұйытқы болуымен өткен басқосуда Сәлия Игібаева сөз сөйлеп, ескерткіш сыйлықтар, әдеби панно сыйлады. Мектепке материалдық қолдау көрсету мақсатында арнайы әкелінген жөндеу жұмысының құралдарын табыс етіп, туған жерді түлетуге өз үлестерін қосты.

Мереке ИМАНБЕРЛИНА,

№1 орта мектеп мұғалімі.

ҚАРАЖАЛ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button