Қарқаралы

Қыран тойы – Қарқаралыда

Батыр Тоқтардың Елордада басталған тойы кеше өзінің туған топырағы – Қарқаралыда жалғас­ты.

«Ұлы Дала Елі: Сарыарқадан – Ғарышқа» Стелласы ашылды. Батырдың бабаларына құран бағышталды. Қазақ ғарышының 25 жылдығы мен қазақтан шыққан Тұңғыш ғарышкердің 70 жасқа толған мерейлі мерекесі Қарқаралы баурайында дүркіреді. Бұл күні Халық Қаһарманын құттықтауға алыс шетелден де әріптестері келді. Мәселен, КСРО сынақшы-ұшқыштары, КСРО батырлары – Александр Волков, Георгий Маслов, Австрияның Тұңғыш ғарышкері Франц Артур Фибек, ресейлік авиация және ғарыш саласының белді өкілдері – Марат Алыков, Валерий Новиков, Ованес Микоян мерейтой иесіне жылы лебіздерін білдірді. Батырдың шашбауын көтеріп, қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова, Халық әртісі, композитор Ескендір Хасанғалиев, ақын Серік Тұрғынбекұлы, белгілі алаштанушы Тұрсын Жұртбай келді. Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков те мерейтой ортасынан табылып, Тоқаңа темір тұлпар мінгізді.

Алты Алашқа сауын айтып, сүйінші сұратқан тойдан толық репортажды газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Мирас АСАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button