Жаңалықтар

Ынтымақпен – ырысқа

«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы мен Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

 Меморандумның мақсаты – медиацияны және басқа да дау-жанжалды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін уақытында және сапалы қорғау.

Меморандумға қол қою рәсіміне «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Оспанова, Қарағанды облысының ҚХА хатшылығының меңгерушісі Е.Құсайын, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Ж.Базарова, жоғарыда айтылған мекемелердің бөлім басшылары және облыстың кәсіби медиаторлары қатысты.

Өзара ынтымақтастық негізінде, азаматтық қоғамды дамытуға және қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті қолдауға ықпал ететін медиациялық рәсімдерді жариялау мен насихаттауға байланысты бірлескен іс-шаралар өткізіледі.

Өзара әрекеттестіктің мәні –  «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінде және «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімдерінде облыстың кәсіби және кәсіби емес медиаторлармен бірлесе отырып, тұрақты түрде азаматтарды қабылдауды өткізу.

Өз тілшімізден.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button