Жаңалықтар

Қымыз қалай бренд болмақ?

Күн қызып, көк қаулай бере қымыз туралы әңгіме гу-гу етеді. Әсіресе, қала қазақтары арасында. «Қазақ қымызын бренд қыла алмай отыр, анау-мынау» деп соғады. Қайдағы бренд, қайдағы мақтан? Бренд болу үшін, көпшілік тұтыну үшін оның бағасы қолжетімді болу керек қой… Қазір литрі мың теңге, кім алады ол қымызды? Қолы жеткендер ғана алып ішеді. Қолы жетпегендер «Кола» алып ішеді де қояды. Нағыз брендке айналған – сол «Кола» деген сусынсымағың.

Қымызды брендке айналдыру үшін әр қазақтың қорасында (өрісінде демей-ақ қояйын) кемі екі бие сауылып тұруы керек. Аста-төк сонда болады да, оны нарыққа шығару мәселесін содан соң ойланармыз. Қымызханаларды көбейтіп, қымыздың бағасын арзандатпай, бренд те, ұлттың денсаулығы да жоқ. Ол үшін қазақ баюы керек. Қазақ байлығы ертеде жылқымен өлшенген, әлі де солай. «Мыңды айдаған бай» дегенде, жылқыны айтса керек. Қымыз бағасы құрығанда «Кола» не сыра құрлы болса, қалада сыралатып жүргендердің бәрі ұлттық сусынға бас қояр еді.

Жәнібек ӘЛИМАН,

журналист.

Басқа материалдар

Back to top button