Қымбатты Эльмира!

Сізді олимпиададағы алғаш қадамыңыз – Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиадағы әйелдер күресі жарысы бойынша жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздің жеңісіңіздің нәтижесінде, Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір қола медальмен толықты! Ал, мұндай жеңіске қарағандылық спортшының қол жеткізуі – қуанышымызды еселей түсті!

Олимпиададағы жарыстар өте күрделі болғанымен, Сіз, өз шеберлігіңізбен, мінезіңізбен, дарыныңызбен қарағандылықтардың үмітін ақтадыңыз. Сіз, қалаға, облысқа, елімізге нағыз спорттық мереке сыйлап, жастарды жаңа белестерге жетеледіңіз!

Қазақстан Сізге, алғашқы жаттықтырушыңыз Владимир Старосельскийге, қазіргі бапкеріңіз Владислав Суторминге және ата-анаңызға алғыс айтады. Олимпиадалық медаль – тұтас ұжымның жемісі, Сіздің мақсатшыл қасиетіңіз бен жүйелі жаттығуларыңыздың жарқын көрінісі.

Қарағанды облысы өзінің спорттық жетістіктерімен мақтанады. Осы медаль – тарихымыздың жаңа, жарқын парағы. Сіздің есіміңіз – Эльмира Сыздықова – бұл жұлдызды есім. Сіз, Серік Сәпиев, Василий Жиров, Серік Елеуов, Геннадий Головкин, Дмитрий Карповтың қатарын толықтырдыңыз.

Мен мұны Сіз сияқты жас спортшының олимпиадалық жолындағы алғашқы баспалдағы деп білемін. Сізге шын жүректен жаңа жеңістер мен сәттілік тілеймін!

Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.