Жаңалықтар

Қымбатты қарағандылықтар! Қадірлі ардагерлер, тыл еңбеккерлері!

Қымбатты
қарағандылықтар!
Қадірлі ардагерлер, тыл еңбеккерлері!

Сіздерді ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
9 мамыр – мемлекетіміз үшін қасиетті күн, маңызды мереке ретінде бағаланатын болған және қиялымызға қанат бітіріп, абыройымызды аспандатқан қалпында әрқашан солай болып қала бермек. Бұл – әлемдегі миллиондаған адамның болашаққа деген құқығын, бостандығы мен қадір-қасиетін қорғай жүріп, өз өмірін құрбан еткен ерлерді ерекше ілтипатпен еске алатын және кеуде кернеген қуаныш сезімі бір сәтке тарқамайтын күн. Бұл – майдан даласы мен тылда Жеңіс жалауын желбіреткен жандарға деген алғысымыз бен ұлттық мақтанышымыз ретінде халық жадында қалатын мереке. Жеңіс замандастарының ерлігі, табандылығы мен жанкештілігі жадымызда жаңғыра отырып, бүгінгі біз үшін үлкен үлгі болуда. Жетістікке жетелер жол сілтеп, Қазақстанның қайратты, еркін де заманауи мемлекет болуына ықпал етеді.
Ұлы Отан соғысы батырларының қатарында Қарағанды облысы тұрғындарының бар екендігін айрықша мақтан етеміз. Сарыарқа жерінің жүздеген, мыңдаған ұл-қыздары Отан қорғауға аттанды. Олардың тең жарымына жуығы майдан даласынан оралмады. Алайда, олардың ерен ерліктері жүрегімізде мәңгілік сақталмақ.
Мүмкін еместі мүмкін етіп, қиындыққа төзіп, майданда және тылда ерен ерлік көрсеткен, Отан қорғау жолында өліспей беріспеген Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне бас иіп, тағзым етеміз.
Сыйлаған Жеңістеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Біз бүгін мақтан ететін бейбіт әрі еркін еліміз үшін ризашылық танытамыз! Сіздер бізге жеңе білуді үйреттіңіздер. Отанға адал болу мен мемлекет мүддесін қорғай білудің не екенін сезінте білдіңіздер.
Осынау мерекелі де салтанатты күні Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, амандық пен саулық, ұзақ өмір тілейміз. Қазақстан аспаны қашанда ашық әрі бейбіт болсын!
Мерекелеріңізбен, қадірлі жерлестер!

Е.ҚОШАНОВ,
Қарағанды облысының әкімі.
С.ӨТЕШОВ,

облыстық мәслихат хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button