Құқықтық мемлекеттің қызметтер нарығы

Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ биылғы Жолдауында «Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет» деп айтқан болатын. Құрылғанына 25 жыл толатын Республикалық құқықтық ақпарат орталығы да осы мақсаттағы жұмысын жүйелі жалғастыра береді.


1993 жылы мемлекет құқықтық реформасын іске асыруға кірісті және 1993 жылғы 16 маусымда Президент «Қазақстан Республикасында құқықтық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» № 1228 Жарлығына қол қойып, Республикалық құқықтық ақпарат орталығы құрылған болатын.
Орталықты құру барысында Қазақстан заңнамасы мен компьютерлік деректер базасын құру бойынша жұмыстардың басталуы белгіленді.
РҚАО жұмыс істеген уақыттан бері ҚР Әділет министрлігінің құрылымдық бөлінісінен барлық республика бойынша филиалдар торабы бар жеке ірі кәсіпорынға дейін көтерілді. РҚАО қызметінің мақсаты – Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілердің бірыңғай мемлекеттік есебін қамтамасыз ету, компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, құқықтық ақпарат беру барысында мемлекеттік органдардың, басқа заңды және жеке тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру.
РҚАО Қазақстандағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ең алғаш «Заң» деректер базасының авторы болып табылады. «Заң» деректер базасы – 1990 жылдан бастап қазіргі уақыт аралығындағы кезеңде Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және халықаралық қызметтерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің ресми мәтіндерінің анағұрлым толық электронды жинағы.
«Заң/Закон» деректер базасы қолданысқа енгізілгеннен бері тұрақты жетілдіріліп отырды, себебі, негізгі міндет – азаматтардың компьютерлік технологияны қолданумен құқықтық
ақпарат алуда қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Жаңа компьютерлік технологиялар «Заң/Закон» деректер базасының ыңғайлы іздеу бөлігін құруға, ол қолданушыға қажет ақпаратты жедел табуға мүмкіндік береді. Бұл базамен жұмыс істеу барысында өзіңізге қажетті нормативтік-құқықтық актіні немесе актілер тобын табуға мүмкіндік бар.
Базаның бір артықшылығы – онда құжатпен жұмыс істеу барысында мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндерді немесе құжаттың мәтіні мен оның тақырыбын екі терезелік режимде бір мезгілде қарау мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, «Заң/Закон» деректер базасының 8-ші онлайн нұсқасының шыққаны туралы хабарлаймыз. Бұл – өзгертілген интерфейс, сервисті мүмкіндіктердің артуы, әдемі дизайн, түрлі түстер жиынтығы, тілді ауыстыру панелінің жылдам ауысуы, жедел іздестіру, іздеу «Кеден одағы» және «Сот практикасы» бөлімдерімен қосымша кеңейтілген, жұмыс барысында қажетті түрлі сөздіктер, құқықтық, салық бойынша, өндірістік күнтізбелер, үлкен көлемді құжаттарды ашуда жылдамдық, талдау, құқықтық консультация және басқа да көптеген күнделікті жұмыста қолданылатын жаңа қызықты мүмкіндіктер.
Үкіметтің қаулысына сәйкес, ҚР Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі интернет-ресурс ретінде айқындалған. Ақпараттық жүйенің мақсаты – ҚР заңнамаларын электрондық түрде топтастыру және құжат туралы эталонды және анықтамалық ақпарат алуға мүмкіндік беру.
Республикалық құқықтық ақпарат орталығының қарқынды дамуы, алға қойған міндеттерді сапалы орындау, қызметкерлердің жоғары кәсіби деңгейі біздің кәсіпорынға ақпараттық-құқықтық қызметтер нарығында өзін орнықты қалыптастыруға мүмкіндік берген.
Қарағанды филиалының ұжымы өзінің жұмысында сапа, шынайылық, бақылау, өзінің клиенттеріне уақытылы және жедел көмек беру, деректердің заңнамалық базасын жаңарту принциптерін ұстанады. Сол арқылы құқықтық мемлекеттің дамуына үлес қосады.

Н.БАКЕНОВ,
Республикалық құқықтық
ақпарат орталығы Қарағанды
филиалының директоры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.