Жаңалықтар

«WorldSkills Karaganda» – шеберін анықтады

Астана қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Кәсіпқор» холдингінің бірлесуімен ұйымдастырылған «World Skills Kazakhstan-2016» ұлттық чемпионатының шешуі кезеңі өз мәресіне жетті. Еліміздің түпкір-түпкірінен үздік деп танылған 140 колледж студенті бақ сынасты.

Сайысқа болашақ аспаз, құрлысшылар, веб-әзірлеушілер – барлығы 15 мамандық иелері қатысты. Қарағанды облысынан тоғыз студент қатысып, олардың бесеуі жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, «Кірпішпен қаптау» құзыреттілігі бойынша І орынды Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің студенті Жақсылық Үшкемпіров, «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша ІІ орынды Қарағанды коммерциялық колледжінің студенті Виталий Лисневский иеленді. «Веб-әзір­леу» – құзыреттілігі бойын­ша ІІ орынға Қарағанды поли­техникалық колледжінің студенті Константин Жуков лайық деп танылса, «Кірпіш­пен қалау» құзыреттілігі бо­йынша ІІІ орынды Қарағанды тех­ни­калық-құрылыс колледжінің студенті Қасымжан Тұрғанбек ие­ленді. Ал, «Құрғақ құрылыс және сылақ жұ­мысы» құзыреттілігі бойынша ІІІ орын Теміртау политехникалық колледжінің студенті Шамиль Жетоногке бұйырды.

Жалпы, «WorldSkills International» сайысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, кәсіби даярлау мен біліктілік стандартын және мәртебесін арттыру болып табылады. «WorldSkills International» халықаралық қозғалысының ая­сындағы «WorldSkills Karaganda» кәсіби шеберлік сайысы кеншілер шаһарында да ұйымдастырылды. Сайыс барысында «Дәнекерлеу ісі», «Шаштараз ісі», «Аспаздық іс», «Сылақ және гипсокартон жұмыстары» бойынша үміткерлер қатысты. Онда Қарағанды техни­калық-құрылыс колледжінің студенті жүлделі орын иеленіп, «World Skills» сайысының халықаралық конкурсына қатысу үшін Бразилияның Сан-Паулу қаласына жолдама алды.

Әзірлеген: Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button