Волонтерлер көмек көрсетті

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде «Saryarqa jastary» облыстық волонтерлер штабы  110 отбасыға көмек көрсетті. Ерікті жастар көмекке мұқтаж жандардың үйіне азық-түлік тауарларын және гигиеналық құрал-жабдықтарды жеткізіп берді.


Бұған дейін  облысымызда волонтерлердің және жеке кәсіпкерлердің көмегімен 391 қайырымдылық акциясы ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Олардың  аясында көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және көмекке мұқтаж 167 отбасыға тегін азық-түлік таратылып, 224 отбасыға тегін жеткізу қызметін көрсеткен. Сәуір айында  штабқа 1264 қоңырау түсіп, төтенше жағдай жарияланғаннан бері ba09.kz сайтына 240 ерікті тіркелген.

Аяулым Совет.