Қуаты артқан Қоржынтүбек

Көкше теңіз жағасына көсілген Приозерск қаласының осыдан 60 жыл бұрын қазығы қағылды. Елдің қорғаныс саласын нығайтып, Тәуелсіздіктің тұғырлы болуына өлшеусіз үлес қосқан шаһар бүгінде әлеу­меттік-экономикалық даму үстінде.

Тарихқа үңілсек, 1961 жылы, 4 наурызда полигонда баллистикалық ракетаның алдыңғы бөлігі атып тү­сіріліп, аспанда жойып жіберу іс жүзінде дәлелденді. Бұл әлемдік тә­жірибеде тұңғыш рет болған еді.

Міне, әскери қаланың маңызды қадамдарының бір ғана мысалы – бұл.

Қала қиын-қыстау заманды да бастан өткерген еді. Бастысы, Тәуел­сіздік таңында еңсесі тіктеліп, шаһардың шырайы кірді.

Қазір елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар қарқынды жүзеге асырылуда. Мәселен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы сияқты маңызды құжаттарға басымдық берілген. Биылдың өзінде 366 адам жұмыссыздықтан қорғаудың әлеуметтік іс-шараларымен қамтылды.

«2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы арқылы халық денсаулығын қорғау ісі жүйелі жолға қойылды.

Тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету іс-шаралары да күн тәртібінен түскен емес. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу де тұрақты жүргізіледі. Нәтижесінде, қала тұрғындары ет және көкөніс өнімдерін нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік алады.

Қуаты артқан Қоржынтүбекте соңғы жылдары бірнеше әлеуметтік нысандар бой көтерді. Қаланың кәсіпкерлік саласы да оң нәтижелерге бастады.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.