Жаңалықтар

“Қуаныштағы” қуаныш

Тамылжыған тамыз ортадан енді ауғанда «Қуаныш» елді мекені тайлытұяғы қалмай, тегіс Ауыл күнін тойлады. Бұл мерейлі мерекені ауылдастар ауданның 90 жылдығына арнады.

 

 Қуанышқа ортақтасып, арнайы барған аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары ақшаңқан киізүй тігілген ауыл үстін әсем әнге бөледі, мың бұралған бишілер көрермен көзайымына айналды. Балуандар бозкілемнің шаңын қақты. Жігіттер жағы жақ-жақ болып, арқан тартысты. Білектілері салмағы марқамен маңайласатын кір тасын әрі-бері ойнатып, жиналған жамиғатты таң қалдырды. Күш сынағанның сый-сияпаттан құр қалғаны жоқ.

Жаңадан салынған көпірдің салтанатты жағдайда пайдалануға берілуі көктемде өзеннен өтудің азабын тартып жүрген «Қуаныштың» бүгінгі қуанышын еселей түсті.

Әлібек ӘБДІРАШ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button