Жаңалықтар

Уақытпен үндестік

   Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу – еліміздің кезекті жеңісі және халықаралық қауымдастықтың біздің жетістіктерімізді мойындауы. Елбасының демократиялық қоғам құру, бәсекеге қабілетті экономикалық жүйені қалыптастыру, сонымен қатар, еліміздің бәсекеге қабілетті 30 мемлекет қатарына кіруі жолындағы айқын қадамы.

ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің Экономикалық ынтымақтастық ұйымының стандарттары мен зияткерлік меншікті қорғау саласында дамуына жүйелі түрде көшу мәселелері жөніндегі 27- толық мәжілісінің нәтижесі бойынша, Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау мақсатында ҚР Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнамаларды жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірледі.

Тұжырымдамаға сәйкес, Заң жобасының мақсаты – зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, ғылыми-техникалық прогресті және еркін бәсекені дамыту, тіркеу рәсімін жеңілдету, құқықтық олқылықтарды жою, сондай-ақ, зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік кедергілер тудыратын нормаларды алып тастау.

Заң жобасымен 12 заңнамалық актіге 188 түзету енгізу көзделген, оның ішінде, Азаматтық кодекс, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексі, Кәсіпкерлік кодекс, Патент Заңы және басқа нормативтік актілер.

Мұндай өзгертулерді енгізу зияткерлік меншік нысандарын тіркеудің тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жүйе Ұлттық зияткерлік меншік институты түріндегі білікті сараптама ұйымының қолында шоғырланады.

Жобамен зияткерлік меншік нысандарын тіркеуге байланысты дауларды сотқа дейінгі кезеңге дейін қарастыруда жеке және заңды тұлғалардың өкілеттілігі мен мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда.

Сол сияқты, құқық иеленушілерге тауар белгілерін заңсыз пайдаланғаны үшін берілетін өтемақыны төлеу мәселелері және басқа мәселелер заңнамалық тұрғыда реттелді.

Шарттарды тіркеу орнына өнеркәсіптік меншік нысандарын пайдалануға құқықты ұсыну заңды фактісін тіркеу ұсынылады. Бұл, жобаны әзірлеушілердің ойынша, әкімшілік кедергілерді алып тастауға мүмкіндік береді.

Біздің ойымызша, зияткерлік меншікті қорғау және тіркеу бойынша дамыған ұлттық жүйе Қазақстанның әлемдік қауымдастықта беделді орнын анықтайтын түйінді факторлардың бірі болып табылады, отандық ғылым мен технология жетістіктерін қажетті деңгейде дамытуға және ынталандыруға, сонымен қатар, оларды халықаралық аренада ілгері бастыруға мүмкіндік береді.

Асхат ЖҮСІПОВ,

Қарағанды облысы

әділет департаментінің

басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button