Бас тақырыпЖаңалықтарҚарағанды

ТЖД қызметкерлері шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ескертті

Қарағанды облысының ТЖД брифинг ұйымдастырды, онда шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері жайлы айтылды, – деп хабарлайды Ortalyq.kz Қарағанды облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

– Дәстүр бойынша шомылу маусымы 1-ші маусымда басталады. Осы орайда біз қала тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін ескертуді жөн көрдік,-деп түсіндірді ТЖД басшысының орынбасары Мұрат Қатпанов.

Қарағанды облысында әкімдіктер есебіндегі 6 қалалық және 67 жеке меншік жағажайлар анықталған.

ТЖД жедел құтқару бөлімшелерінің жасақтары 7 су қойманы бақылайды. Құтқару стансалары Федоров, Самарқан, Шерубай-Нұра, Кеңгір су қоймаларының және Балқаш, Айнакөл өзендері мен Қарағанды қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағындағы өзен маңында бар.

Бір апта бұрын төтенше жағдайлар бойынша комиссияның отырысы өткенді, онда Қарағанды облысының ТЖД басшысы Ыбраһым Күлшімбаев шомылу маусымы қауіпсіз болу үшін қандай шаралар қолға алынып жатқандығын баяндағанды.

– ТЖД құтқару бөлімшелері жоқ және шомылуға тыйым салынған жерлерде жыл сайын қайғылы жағдайлардың орын алуы артуда. Шомылу маусымы кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін шаралар Жоспары құрылды,-деді облыстық ТЖД басшысы Ыбраһым Күлшімбаев. – Облыстық білім басқармасымен бірлесе жазғы демалыстар кезінде мектеп жанындағы және сауықтыру лагерлерінде «Қауіпсіз жаз» акциясын өткізу, балаларды бассейндер мен арнайы орындарға жүзуге үйрету жоспарлануда.

ТЖД мәліметтері бойынша, жыл басынан бері департамент және оның бөлімшелерінің қызметкерлері облыстық су қоймаларда тұрғындарға, балықшылар мен оқушыларға 5523 түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Су айдындарын 1888 рет тексерген. Полиция қызметкерлерімен бірлесе 307 рейдтік жұмыстар жүргізген. 94 мектеп оқушыларының қатысуымен «Су қоймаларындағы қауіпсіздік» атты ашық сабақтар өткізілді. 1826 балаға жүзу үйреткен.

2017-ші жылдың шомылу маусымында Қарағанды облысында 12 адам суға кетті, оның ішінде 9-ы бала. Жалпы есептеген суға кетудің 75%-н 4 пен 16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер құрайды, қалған 25%-ы 30 бен 50 жас аралығындағы ересектер.

Қарағанды облысының әкімі төтенше жағдайлар бойынша комиссияның отырысында атап өткендей, су қоймаларындағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі – ол ережелерді сақтамау.

– Су қоймаларындағы адам өлімінің негізгі себебі – бұл ережелерді сақтамау, шомылуға бейімделмеген жерлерге суға түсу, балаларды қараусыз қалдыру және алкогольдік сусындарды ішу. Себептер мен мәселе белгілі, сондықтан түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу керек,-деп атап өтті Ерлан Қошанов.

ТЖД қызметкерлері мұнымен келіседі.

– Су қоймаларындағы қайғылы жағдайлардың негізгі ебебі – бұл адамдардың құтқару стансалары жоқ су қоймаларында шомылу, судағы қауіпсіздік шараларын білмеу және ескермеу, суға жақын жерде балаларды қараусыз қалдыру,-дейді Мұрат Қатпанов.

Құтқарушылар суда қауіпсіздік ережелерін сақтамаған үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 365 (жалпы суды пайдалану ережесін бұзу), 412 (су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін орындамау), 440 (алкогольдік сусындарды үшу немесе қоғамдық орындарда ішімдік ішкен күйде жүру) аталмыш баптары бойынша әкімшілік айыппұл салу немесе әкімшілік қамауға алу шаралары қарастырылған ескертті.

Су қоймаларында демалыс кезінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Негізгі ережелер:

– ішімдік ішкен немесе есірткі қолданған жағдайда суға кірмеу;

– қайық, шағын кемеден және бұл мақсаттарға бағытталмаған басқада құрылымдардан суға секірмеу;

– белгіленбеген орындарда шомылмау;

– шектеу белгілері қойылған жерлерден аспау;

– суда жүруге арналмаған құралдармен шомылмау;

– су қоймаларын ластамау;

– жағажайлар мен шешінетін орындарда демалушыларға зиян келтіретін қоқыстарды қалдырмау;

– жалған дабыл қақпау;

– техникалық және ескерту белгілеріне шықпау;

– ересектерсіз балаларды суға жібермеу.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button