ТУРА БИДЕ ТУҒАН ЖОҚ

Таяуда №2 Қазыбек би аудандық сотында брифинг өтті. Бірінші жартыжылдықты қорытындылау бойынша ұйымдастырылған жиында сот істері талқыланды. Жалпы, биылғы алты айдың қорытындысы бойынша аудандық сотта 8624 іс қаралған.

Жалпы, түскен өтініштердің саны – 2303 (21%) азайса, ес­еп бойынша тоқтатылған сот шешімдері – 11,1% азайған. Ал, азаматтық істер саны өткен жылмен салыстырғанда 22,8%-ға төмендеген.

Бұл ретте, алты айда күші жойылған сырттай шешім­дер саны – 28. Ал, 2015 жылы осыған ұқсас 72 шешімнің күші жойылған болатын.

Сондай-ақ, жиында аудио-видеофиксация жөнінде айтылды. Бұл ретте, Мемлекет басшысының «Бес институц­ионалдық реформаны» жү­зеге асырудағы «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары бойынша заң үстемдігі басты назарға алынғаны белгілі. 20-шы қадамға сәйкес сот процестерінде аудио және видео құрылғыларын қолдану жағы айтылған. Мұндай жаңашылдықтар сот талқылауын мәнді етіп, шешімді ретке кел­тіруге мүмкіндік береді. Соттың қатаң талаптарына сәйкес­тендіріп, сондай-ақ, азамат­тық іс жүргізу Кодексінің талаптарын орындауға міндеттейді. Осы орайда қазіргі таңда аудио-видео­фиксация қолдану арқылы аяқталған істердің саны 63,5 пайызды құрап отыр. Биыл 7284 сот отырысының 4629-і аудио-видеофиксация қолдану арқылы жүргізілген.

Соңғы алты айда аппеляция тәртібімен 29 шешімнің күші жойылған. 35 іс бойынша шығарылған шешімдер қайта өзгертілді. Барлық істер қатарында 64 шешім қайта қаралған.

Орташа айлық жүктеме бойынша соттағы қаралған азамат­тық істер саны – 42. Бұл ретте атқарылған жұмысқа сай орта­шадан жоғары нәтиже көр­сеткен сот қызметкерлері анық­талған. Мысалы, судья Е.Абжановтың бастамасымен 384 қаралса, судья М.Мақажановтың басшылығы­мен 403 іс талқылан­ған. Сон­дай-ақ, судья С.Үкібасовтың талқылауында 411 іс қаралған.

Ал, баламалы әдістерге қатысты дауларды реттеу – медиация мамандарының кеңесіне жүгіну арқылы жүзеге асуда. Ал, артисипативтік рәсім бойынша сотты шешу тараптарға ұсынылуда.

Аяулым СОВЕТ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.