Жаңалықтар

ЦИФРЛЫ ӨНДІРІС: инженерлік кадрлар және инновациялық технологиялар

   Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылар, қызметкерлер, студенттер, магистранттар мен докторанттар ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жаңа Жолдауын ерекше ықыласпен қабылдады. Біздің жоғары оқу орнымыздың қабырғасында Нұрсұлтан Әбішұлы инженерлік білім негіздерін алғаны біздің еңбек ұжымымызға зор жауапкершілік жүктейді.

Жолдау жолдарына ынтамен үңіле отырып және біздің Президентіміздің «Индустрия 4.0» жағдайында Тәуелсіз Қазақстанның табысты дамуы үшін стратегиялық сындарлы қадамдарын зерделей отырып біздің әрқайсымыз Елбасы анықтаған экономиканы цифрлау бағытын толығымен қолдаймыз және қойылған мәселелерді шешуге белсенді, әрі нәтижелі араласуды өзіміздің парызымыз деп санаймыз.

Әсіресе, Елбасы «Индустрия 4.0» элементтерін енгізу және адам капиталын сәйкес дамыту негізінде цифрлы өндіріске ауысу бойынша өте маңызды, ауқымды және үлкен перспективалары бар мәселелер қойды.

Инженерлік кадрларды даярлау жүйесі жаһандық экономикада еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің түйінді элементтерінің бірі болып табылатынына байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа даму мүмкіндіктері» Жолдауы «Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 2018 жылға кешенді даму бағдарламасы» негізіне қойылды.

ҚарМТУ жетекші базалық жоғары оқу орны ретінде ҚР Президенті бастама берген, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жүйе құраушы маңызы бар жаңа индустрияландыру бағдарламасы – МИИДБ-2 аясында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жүзеге асырады. Жолдауда атап өтілгендей, «индустрияландыру жаңа технологиялар енгізу флагманы болуы тиіс».

Осыған орай, Елбасы цифрлы өндіріс үшін инженерлік кадрларды озық даярлау бойынша басым мәселені шешуде «жетекші шетел университеттерімен және зерттеу орталықтарымен, ірі кәсіпорындармен және ТНК бірлескен жобаларды белсенді жүзеге асыру керек». Осыған байланысты әлемдік деңгейдегі инженерлік кадрларды мақсатты даярлау ҚарМТУ-да «Металлургия», «Машина жасау» және «Тау-кен ісі» бағыттары бойынша білімді, ғылымды және нақты өндірісті – Индустрияландыру Картасының жобаларын, «ЖОО – Жұмыс беруші – Магистрант» үш жақты шартқа сәйкес жүргізілуде.

Қазіргі кезде ҚарМТУ серіктестермен – әлемдегі 23 жетекші техникалық университетпен, 8 трансұлттық және 45 ұлттық компаниямен бірлесіп – бейінді магистратураның 16 жаңа маңызды практикалық-бағдарланған бағдарламасын жүзеге асырады. ЖОО-ның МИИДБ-2 үшін мамандар даярлау аясында жаңа білім бағдарламаларының түбегейлі ерекшелігі олардың қолданбалы инженерлік мәселелерді шешуге бағыттылығы болып табылады. Оқыту процесінде магистранттарды шетелдің серіктес-ЖОО-да ғылыми машықтандыру, сонымен қатар Индустрияландыру картасының нақты жобасын жүзеге асыратын кәсіпорында ұзақ практика өткізіледі.

Болашақ мамандарды оқыту бағдарламасы Жолдауда атап өтілгендей, «жұмыс берушілерді шақыру арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлы машықтарды ескере отырып» жүйелі түрде жаңартылуы тиіс, магистранттарды практикалық даярлау ҚарМТУ базасында құрылған әлемдік деңгейдегі оқыту орталықтарында жүргізіледі. Осы орталықтар жаңа заманғы жабдықпен және TOTAL, Schneider Electric (Франция), ERSAI (Италия), FESTO (Австрия-Германия), Mitsubishi  Electric (Жапония), Leica Geosystems (Швейцария), ЕРАМ Systems және FLUOR (АҚШ) сияқты жетекші трансұлттық компаниялармен бірлескен, кәсіптік бағдарламалық кешендермен жабдықталған.

Сонымен, Қазақстандық дәнекерлеу институты 2010 жылы ҚарМТУ базасында Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен «TOTAL» және «ERSAI» трансұлттық мұнай-газ компанияларымен жекеменшік-мемлекеттік серіктестік аясында құрылды. Ол «Халықаралық дәнекерлеу институты» беделді клубына енді және әлемнің 56 елінде мойындалатын дипломдар беру құқығымен мамандар даярлаудың барлық деңгейі бойынша аккредиттелді.

«Индустрия 4.0» көшбасшыларының бірі болып табылатын «FESTO» концернінің қамқорлығымен ҚарМТУ 2006 жылдан бастап Ресейдің 10 жетекші ұлттық зерттеу және федералды университеттерімен бірге «SINERGY» халықаралық жобасын жүзеге асыруға қатысады.

«FESTO», «Schneider Electric» және «Mitsubishi  Electric» жабдығында «Индустрия 4.0» тұжырымдамасына сәйкес әрбір компоненттің тиімділігін талдауға және технологиялық процесті оңтайландыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған желіні басқару жүйесін әзірлеу жүргізілуде.

«EPAM Systems» компаниясымен бірлесіп ИКТ саласында жаңа заманғы R&D- зертханасы ашылды – бұл Қазақстанда ұқсас деңгейдегі бірінші жоба. R&D- зертханасы негізінде бағдарламашыларды мақсатты даярлау жүргізіледі және IT-технология саласында бағдарламалық өнімдер әзірлеу жүзеге асырылады. Жаңа формациядағы инженерлер даярлау және ғылыми көлемді технологиялар трансферті ісіндегі халықаралық серіктестер әлемдік деңгейдегі Мичиган, Гонконг, Вена, Рейн-Вестфаль, Бирмингем, Лотарингия, Нанси, Ұлы Петр атындағы СПбПУ, Томск политехникалық, МБ және ҚИ, АТМО және т.б. сияқты зерттеу институттары болып табылады.

Жаңа білім беру бағдарламалары бойынша Қарағанды облысы бойынша Индустрияландыру картасының жобаларын жүзеге асыратын сала кәсіпорындарымен мақсатты дайындық және мамандарды жұмыспен қамту туралы 993 шарт жасалды. Олардың ішінде: «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, ГОФ «Улытау» ЖШС, «BapyMining» ЖШС, «КЕНЖЕР» АҚ, «Сарыарқа ENERGY» ЖШС және т.б.

Жобаны жүзеге асыру аясында оқу процесінде жалпы сомасы 380 млн. теңгені құрайтын әлемдік өндірушілердің (АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Жапония, Франция, Германия және Швейцарияның бірегей зертханалық жабдығы іске қосылды.

Жалпы алғанда МИИДБ-2 үшін мамандарды даярлаудың оқу-ғылыми базасын 5 ҒЗИ, 185 зертхана, инновациялық орталықтар, өнеркәсіптік полигондар және ЖОО тәжірибелік-өнеркәсіптік учаскелері құрайды, соның ішінде «Минералдық шикізат қорларын кешенді игеру» инженерлік бейіндегі Сынақ зертханасы және Халықаралық материалтану орталығы.

ҚарМТУ базасында жұмыс істейтін «Корпоративті Университет» инновациялық-білім беру консорциумы ерекше рөл атқарады, оның қуатты зияткерлік және ғылыми-техникалық әлеуеті мамандарды даярлау процесінде ғылымның, білім берудің және өндірістің тиімді бірігуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ағымдағы жылда ЖОО тау-кен металлургиялық кешеннің және өнеркәсіптің сервистік салаларының 70 жүйе құрушы кәсіпорнымен жемісті ынтымақтастығының осы бірегей формасына 10 жыл толады.

Консорциялық келісімге және үшжақты шарттарға сәйкес кәсіпорындар оқушыларға заманауи материалдық-техникалық база ұсынады, оның қабырғасында кәсіби және зерттеу практикалары өткізіледі, курстық және дипломдық жобалар орындалады. Шығарушы кафедралардың өндірістік филиалдарында жүзеге асырылатын оқу процесіне жыл сайын кәсіпорындардың 300 астам жетекші мамандары қатысады. Кәсіпорындардың бірінші басшыларының тікелей қатысуымен жыл сайын таңдамалы пәндер каталогтары жаңартылып тұрады.

Кәсіпорындардың демеушілік көмегі есебінен соңғы үш жыл ішінде жаңа білім беру бағдарламаларының зертханалық базасы 250 млн. теңгеден артық сомаға жабдықтармен және бағдарламалық кешендермен толықтырылды.

Металлургия саласындағы нанотехнологиялар және роботты техника бойынша алғашқы 120 техника және технология магистранты МИИДБ-2 нақты объектілері бойынша өз жобаларын сәтті қорғап шықты және кәсіпорындарға жұмысқа тұрғызылды. Қазіргі уақытта ЖОО және шығарушы кафедралардың 60 филиалында жетекші кәсіпорындарда болашақ магистранттардың екінші ағымының 318 жобасы қорғалып жатыр.

Жолдауда жоғарғы мектепке, ақпараттық технологиялар және «үлкен деректермен» жұмыс істеу бойынша оқытылған мамандарды даярлаумен қатар, «металлургия, мұнай-газ химиясы, АӨК, био- және IT-технология салаларында зерттеулер жүргізу басымдылығымен жоғары оқу орны технологиясын дамыту» қажет екендігіне ерекше көңіл аударылған. Бұл ретте «жеке сектор тарапынан бірлесіп қаржыландыру барлық қолданбалы ғылыми-зерттеу әзірлемелері үшін міндетті іске айналуы тиіс».

ҚарМТУ «Корпоративті Университет» консорциумының кәсіпорындарымен серіктестікте өндіріске кейінгі енгізумен жалпы көлемі жылына 1,0 млрд. теңгені құрайтын маңызды ҒЗТКЖ әзірлеуді жүргізеді. Сонымен қатар, инновациялық әзірлемелердің нәтижелері өндіріске сәтті енгізілген:

˃ қара металлургия саласында – галлуазит нанотүтікшелерді қолдану жолымен қара және түсті металдардың жемірілуге төзімділігін арттыру, авиациялық және ғарыштық өнеркәсіпке арналған қызуға берік материалдарды жасап шығару;

˃ мұнай-газ химиясында – геологиялық барлау, керндерді талдау, көмір қаттарынан метанды өндіріп алу және өнеркәсіптік кәдеге жарату;

˃ АӨК және биотехнологиялар саласында – жасанды субстраттардың және көкөніс мәдениеттерінің биоқауіпсіздігін бақылау, микро- және макроэлементтермен түрлендірілген биогуминді өсуді ынталандырғыштарды өндіру, топырақ сынамаларын кешенді химиялық талдауды жүргізу;

˃ IT-технологияларда – сандық технологиялар негізінде мобильді байланысты пайдалану арқылы тау-кен экскаваторларының жұмыс режимдерін қашықтықтан интернет-бақылауды құру және тағы басқалары.

ҒЗТКЖ нәтижелері бойынша ҚарМТУ ғалымдары кәсіпорындардың жетекші мамандарымен бірге ҚР БҒМ бакалаврларды, магистранттарды және докторанттарды даярлауға арналған еліміздің техникалық жоғары оқу орындары үшін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған 65 жаңа буынға арналған оқулық дайындалып, басылып шығарылған.

Бүгінгі таңда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 12 мың адамнан тұратын бүкіл ұжымы Елбасы Н.Назарбаев алға қойған міндеттерді сөзсіз, уақытылы және сапалы орындауды көздеп отыр өйткені, Елбасымыздың Жолдауы Қазақстан халқына сапалы жаңа дамуда алға қарай сенімді аяқ басуға бағдар, алдағы уақытта нығайып бірігу үшін үлкен күш беріп, келешекке сенімді қарауға мүмкіндік береді.

М.ИБАТОВ,

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры,

техникалық ғылымдар докторы, профессор,

Қарағанды облыстық

мәслихатының депутаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button