Цифрлы форматта

Облыс кітапханаларында қорды цифрлы форматқа көшіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.


Бүгінде 164 мыңнан астам бетті құрайтын 53 мыңға жуық құжат цифрланып үлгерді. Бүгінде қорды цифрлық технологиялар арқылы сақтау – аса маңызды. Сондықтан, аймақтағы кітапханалар мобильді және интернет-технологияларды пайдалана отырып, кітапхана қызметтері мен сервистерін кеңейтуде. Сөйтіп, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында елдегі барлық кітапхана қорын 2022 жылға дейін кешенді цифрлауды аяқтау көзделген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.