Бас тақырыпОблыс әкімі

Топардағы станция қуаты артады

Бейсенбі күні облыс әкімі Ерлан Қошанов Топар ГРЭС-інде жұмыс сапарымен болып қайтты. Сапар барысында аймақ басшысы жергілікті нысанның жылу маусымына дайындық жұмыстарының аяқ алысымен танысты.

Бүгінгі күнде «Қазақмыс Энерджи» ЖШС станцияларында инвестициялық бағдарлама аясында қазандықтар мен турбиналарды орнату жұмыстары жалғасуда. Атап айтар болсақ, Топар ГРЭС-і, Балқаш ЖЭО-ы, Жезқазған ЖЭО-да қазандықтар мен турбиналарды алмастыру жұмыстары жүргізілуде, бұл берілетін электр энергиясын 130 Мвт-қа арттырады.

– Бұл – облыстың энергетика саласы үшін, Қазақстан үшін үлкен жоба. Бағдарлама 2026 жылға дейін бекітіліп, жалпы құны 28 млрд. теңгені құрап отыр. Осыдан екі жыл бұрын басталған жаңғырту мен жаңа жабдықты монтаждау өнімділікті арттыруды көздеп отыр. Оның нәтижесі бойынша электр энергиясын көптеп өндіре алатын боламыз. Қазір №2 турбинасын айырбастау мен демонтаждау арқасында 50 мегаватқа ұлғайды. Сондықтан, қазір станцияның қуаттылығы 613 МВт-ты құрайды. Жаңа турбинаны іске қосқаннан кейін 2018 жылдың соңына дейін оның қуаты 743 МВт-қа артады. Биылғы жылдың IV тоқсанында жаңа Е-270 типті №3 қазандық пен ескі К-50 турбинаның орнына қуаты 130 МВт болатын жаңа конденсациялық турбина іске қосылады, бұл станцияның қуатын 80 МВт-қа дейін арттырады. Бас-аяғы сегіз турбина, қазір бес турбоагрегат жұмыс істеп тұр, екі турбина жөндеуде тұр, бір турбоагрегат қалыпқа келтіріліп жатыр. 2019 жылдың басынан бастап келесі турбиналар мен қазандықтарды қуаттырақ және үнемді агрегаттарға алмастыру үшін демонтаждау жоспарланып отыр. Қысқа дайындық бойынша жұмыстар кестеге сай жүргізілуде. 80 пайыз жұмыс аяқталды, – деді «Топар ГРЭС» ЖШС директоры Владимир Черепанов.

Сонымен қатар, «Топар ГРЭС» ауысым бастығы Алтай Байноғаевтың айтуынша, қазандықтарды айтпағанда мұнда қосалқы қондырғыларды жаңарту, жетілдіру, жөндеу жұмыстары үнемі іске асырылады. Оның ішінде, мерзімі келіп, тозған тораптар жаңартылып, станцияның тұрақты және үнемді жұмыс істеуіне көңіл бөлінеді. Бұл – өте маңызды жұмыс. Себебі, қондырғылардың сенімді болуы апатсыз, қыс кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы «Топар ГРЭС» ЖШС жұмысымен танысқаннан кейін, жиналыс өткізіп, кәсіпорынның алдағы жоспарымен бөлісті.

Бүгінде Топар ГРЭС-інде 16 қазандық, 8 турбогенератор, Жезқазған ЖЭО-да 8 қазандық, 4 турбогенератор, Балқаш ЖЭО-да 6 қазандық, 4 турбогенератор жұмыс жасайды.

Жиналыс барысында бу және электр өндіретін машиналардың тиімділігін арттырумен қатар, аралық жөндеу циклін арттыру күтіліп отырғандығы айтылды. Мамандардың сөзінше, қазір зауыттың жаңа турбиналар мен қазандыққа арналған жаңа техпаспорт бойынша аралық жөндеу кезеңі алты ай. Бұл станция бойынша жөндеу науқанының шығынын азайтады дегенді білдіреді. Сондай-ақ, өндірістік процестерге тікелей араласатын қызметкерлердің дәрежесін азайтып, штаттан тыс жағдайлардың алдын алу үшін адами фактордың әсерін төмендететін автоматтандыру жолға қойылған. Әлемдік деңгейдегі жабдық технологиялық процесті, қазандықты, турбиналарды автоматты басқаруға мүмкіндік береді. Қызметкердің қатысуын азайтып, жұмыс орнын жақсартып, отын шығынның үлес салмағы мен қазандықтардан шығатын парниктік газ қалдықтарын азайтады. Бұдан бөлек, кәсіпорын энергиямен жабдықтаудың бес жылдық бағдарламасы аясында электр энергиясын тұтынуды қысқартуға белсенді жұмыс жасауда. 2019 жылы энергиямен жабдықтауға үлкен қаражат салу жоспарланып отыр. Барлық жерде жарықдиодты жарықтандыруға көшкен. Насосты жабдық және шаң сорғыш жабдықтарға электр энергияны үнемдеу үшін жиіліктік-реттемелі жетектер орнатылған. Бу мен су аралас шығындарды қысқартып, суды химиялық өңдеу сапасын арттырамыз деген жоспарларын да жеткізді. Және қызметкерлердің жартысын жаңа жабдықпен жұмыс істеуге «Силовые машины» АҚ мамандарын оқытыпты. Қалған жұмыскерлер жаңа турбиналар мен қазандықтар іске қосылғанға дейін білімін жетілдірмекші.

Жиналысты қорытындылаған облыс әкімі Ерлан Қошанов орынбасары Анатолий Шкарупаға нысандарды жылыту маусымына дайындау мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button