Жаңалықтар

Тонаушы торға түсті

   Жуырда Ломбардқа шабуыл жасаған 46 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды.

Ағымдағы жылдың 7-ші шілдесінде полицияға Теміртау қаласының 25 жастағы тұрғыны шағымданып, белгісіз азамат пышақпен қорқытып, өзі қызмет атқаратын Ломбардттардың бірінен алтын бұйымдарын алып кеткендігі туралы хабарлаған. Аталған дерек көзі бойынша сол күні сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. Күдіктінің жеке басын анықтау, жүрген ортасын білу және аталған қылмысты көрген білгендерді анықтау үшін Теміртау қалалық Ішкі істер басқармасының жеке құрамына бағыттама берілген.

4 тамыз күні Криминалдық полиция басқармасы және Теміртау қалалық ІІБ Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен қаланың 46 жастағы тұрғынын ұстап, қарақшылық шабуыл жасағандығын анықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі кезде полиция қызметкерлерімен күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Қарағанды облысының

ІІД баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button