Тойға қамданыс ойдағыдай

Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына қамданыс қарқын алуда. Ел азаматтары да жұдырықтай жұмылып, қорға қаражат аударып, селоның тазалығы мен абаттандырылуына белсене атсалысуда.

Тойға шашу ретінде ауыл азаматтары да көмек қолын созуда. Жақында Ғибрат Ілиясов туған жеріне келіп, өзі оқыған №5 мектеп ұжымына волейбол торлары мен доптарын сыйға тартты.

Ауыл ішіндегі тазалық жұмыстарына мықтап ден қойылуда. Тазалық жұмысын қолға алған екібастұздық кәсіпкер Д.Сердалиев бүгінде 10 мың тонна қоқыс шығарып үлгерді. Бұрынғы ДЭУ мекемесінің орны тазартылып, 1 мың шаршы метр жолға жоспарланған ағымдағы жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жерлесіміз Б.Камалиев өзі тұрған көшесін тазалап, балалардың ойын алаңын салып беруді қолға алған. Село ішін безендіру жұмыстарына Шахтинск қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Г.Назарова үлес қосуда. Құны 1,6 млн. теңге тұратын билбордтар көшелерге орнатылуда.

Сондай-ақ, ауыл ішін қалпына келтіру жұмыстарына «Алтайполиметалл» кәсіпорны мен аудандық мекеме кәсіпорындармен қатар, көршілес ауылдық округ азаматтары қол ұшын созуда. Кәсіпкер Ғани  Омаров  селоның кіреберісіне баба ескерткішін орнатуды бастады. Бүгінде стелланың іргетасы құйылып, құран оқылып, құрбандық шалынып, ас беріліп, қалғаны жетім-жесірлерге таратылды.  Осы орайда, аудан әкімі Халел Мақсұтов  бұл ізгілікті шараға жан-жақты қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдірді.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Сағыныш ӘБІЛОВА,

«Орталық Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.