Жаңалықтар

Тобылғы – дертке дәру

    Тобылғы (Spіraea) –раушан гүлдiлер тұқымдасына жататын көп жылдық бұта. Бүгінде Қазақстандағы далалы, таулы жерлерде өсетін 10 түрі бар. Тобылғыны бабаларымыз көптеген ауруларды емдеу үшін пайдаланған.

Тобылғының тұнбасымен іріңдеп тұрған жараны жуып, тазалағыш ретінде де қолданған көрінеді. Бұл тәсіл медицинада әлі де болса қолданылып келеді. Сондай-ақ, тобылғының шайын жүрек ауырғанда, бас ауырып, жүйке жүйелері шаршаған кезде де қолданып отырған. Өзіміз бала күнімізде жиі кездестірдік. Теміреткі шыққанда тобылғыны майын жағып емдейтін. Тобылғы майын малдың, адамның ісіп кеткен буындарына, сырқырап ауыратын тұстарына жағып, сырқатын жазады.

Тобылғыны дәрі-дәрмек ретінде пайдалану үшін одан алдымен тұнба жасайды. Аталған тұнбаны дайындау үшін тобылғының 2 ас қасық кептірілген гүлі мен жапырағына жарты литр қайнаған су құйып, 3 сағат қоя тұрады. Содан кейін сүзіп алып, стаканның 1/3 (үштен бір) бөлігін күніне 2-3 рет ішіп отыру керек. Бұл тұнбаның несеп айдағыш қасиеті бар. Сондай-ақ, ауырған жерді басумен қатар, қабынуға қарсы әсер етеді. Әсіресе, тобылғы тұнбасы қан қысымы жоғары адамдарға пайдалы. Оны 3 айдан 6 айға дейін үзбей ішсе, қан қысымы қалпына келеді. Қан қысымына қаншалықты мөлшерде ішу керектігін дәрігерден сұрағаныңыз артық болмайды, өйткені тобылғы тұнбасы әр адамға әрқалай әсер етеді.

Тобылғы жапырағын малға беріп, төрт түлікті де біраз дерттен айықтыруға болады екен. Атап айтқанда, малдың бүйрек, қуық, ауруларын, асқазан мен ішек түйілуін және денесіндегі түрлі ісіктерді емдей алатын қасиеті бар.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button