Тоғызқұмалақты ту еткен Нольд

«23-24 шілде күні Германияда Швайнфурт қаласында Тоғызқұмалақтан өткен Еуропа чемпионатын бұрынғы Қарағанды облысының тұрғыны Юрий Нольд ұйымдастырған. Бұл туралы қарағандылық азаматша Светлана Демент хабарлады» деп мәлімдейді «Қазақпарат» агенттігі.

Агенттік таратқан мәлі­меттерге жүгінсек, Жаңа­ар­­қаның бұрынғы тұрғыны шетел­де қазақтың ұлттық ойынын дамытуға үлес қосып жүрген азамат. Тоғыз­құма­лақты отбасы болып, бірге ойнайды. Жүрген жерінде Тоғызқұмалақты насихаттауда.

«Халықаралық турнирдің ұйымдастырушысы – Қара­ғанды облысы, Жаңаарқа ауданының бұрынғы тұрғыны Юрий Нольд, Тоғызқұмалақ ойынының жаттықтырушысы. Ол шетелде қазақтың ұлт­тық ойынын дамытуға өз үлесін қосуда. Сол жақтан пікірлес азаматтарды тауып алды. Юрийдің отбасында Тоғызқұмалаққа ынтызар тек ол ғана емес. Оның қызы Ирина Тоғызқұмалақтан Қа­зақстан чемпионы және Тоғыз­құмалақ бойынша спорт шебері атанды», – дейді С.Демент.

Оның сөзіне қарағанда, Германияда Тоғызқұмалақтан биыл жарыс үшінші рет өту­де. Биыл оны Қазақстан тарапы қаржыландырып от­ыр. С.Демент Фейсбуктегі парақшасында турнирдің жа­ңалықтарымен бөлісті. Оғ­ан оның Германияда тұра­тын досы – Ирина Краснова көмектескен. Тара­тылған ақпараттарға сү­йенсек, чемпионатқа Гер­мания, Франция, Испания, Греция, Швейцария, Сомали, Қазақстан, Ресей сынды 13 елден 40 спортшы қатысыпты. Бірінші кезеңде ерлер мен әйелдер жеке-жеке бақ сынасқан.

Еуропа чемпионатының ашылуына Дүниежүзілік То­ғызқұмалақ федера­ция­сының президенті Әлихан Бәйменов пен Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, Швайнфурт мэрі Карл Хайнц Каучок қатысқан.

Өз тілшімізден.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.