Жаңалықтар

Тоғысқан тағдырлар бесігі

         1-наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін Елбасының бастамасымен қазақ елінде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген ризашылығын білдіру күні, әсіресе, тағдыр тауқыметімен Қазақстанға жер аударылғандарды жатсынбай бауырына басып, қолындағы барымен бөліскен қазақтарға алғыс сезімін білдіру күні деп жариялауы тарихи әділдіктің салтанат құрғаны, өмірлік шындыққа ақиқат көзбен қарау деп бағалағанымыз жөн.

Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылы ішінде жалпы азаматтық сана-сезім сипаттамаларын, дәстүрлі түрде қазақтың менталитетін және басқа ұлттардың ұлттық санасын біріктіретін ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді және органикалық жүйесі дамыды. Мұндай қарым-қатынас, негізінен Қазақстан халқының рухани және ділдік қоғамдастығының нәтижесі болып табылады. Ал, бүгінгі күні полиэтникалық Қазақстанда өмір сүру – біздің еліміздің әрбір этносының бір-біріне деген адамгершілік үлгісі екенін сезіну көңілге қуаныш ұялатады. Қазақстанның азаматтары ұлтына, діни наным-сеніміне, саяси көзқарастарының айырмашылықтарына қарамастан руханилық, адамгершілік, мәдениет, заңдарды құрметтеу тұрғысынан келгенде пікірлеріміз ортақ, мұны қоғамның қайта түрленуінің және ел келешегінің өркенді болуының негізі деп санайды.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», – атты бағдарламалық мақаласында «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер едім. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», – деп атап өткен болатын. Көптеген жылдар өтсе де, тағдырдың небір нәубетін бастан өткерген адамдар тар жол тайғақ кешуде пана бола білген қазақтарға  бүгінгі күнге дейін алғыстарын білдіріп келеді. Мұндай риясыз сезім ешқашан үзілмек емес, қайта ұрпақтан ұрпаққа беріліп, одан әрі жалғасын таба берері сөзсіз.

Уваис ДЖАНАЕВ,

Қарағанды облысы «Вайнах» шешен-ингуш

этномәдени бірлестігінің төрағасы. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button