Теміртау

ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы пікір білдірді

ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Олег Сосковец Теміртау қаласындағы Тоқтар Әубәкіров атындағы мектепте орналасқан №320 сайлау учаскесінде болған кезінде журналистермен жүздесіп, өзінің саяси науқанға, оның өту барысына қатысты пікірін білдірді.

Қазақстан Республикасы Президентін сайлаудың ел үшін аса маңызды оқиға екенін айтқан халықаралық бақылаушы оның барынша әділ әрі ашық өтеріне сенім білдірді. Сонымен қатар, елде демократиялық құндылықтардың басты орынға қойылғанын да атап өтті.

  • Менің пайымдауымша, Қазақстанның даму динамикасы мен векторы өте дұрыс бағытта жүріп жатыр, — деді Олег Сосковец.

Теміртаулықтар елдегі саяси науқанға белсене атсалысып, ауызбіршілік пен белсенділіктің үлгісін танытуда. Сайлау учаскесі ашылғаннан бері оған келіп жатқан халықтың қарасы қалың. Бақылаушылар мен сайлау комиссиясы мүшелерінің айтуынша, дауыс беру үдерісі басталғаннан бері қандай да бір заң талабын бұзушылық оқиғасы тіркелмеген.

  • Адамдар таңғы жетіден бастап толассыз келіп жатыр. Тұрғындар өз таңдауын жасауда. Учаскеде олардың ерікті түрде азаматтық ұстанымдарын білдіруіне қолайлы жағдай тудырылған, — дейді №320 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Александр Анашкин.

Басқа материалдар

Back to top button