Тілсіз жауға – тосқауыл

    Қарқаралы ауданында көктемгі су тасқынының алдын алуға арналған дайындық жұмыстары жүріп жатыр. «Сақтансаң сақтайды» демекші, ерте бастан сақтық шараларын қолға алған аудан басшысы Х.Мақсұтов Н.Әбдіров ауылдық округінде жасалып жатқан жұмыстарды көрді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті арнайы көмек ретінде жіберген С-100 маркалы трактор су басу қауіпі бар елді мекендер маңына бөгеттер жасауда. Нақтырақ айт­қанда, Жекежал-Жарлы бағытындағы тас жол бойындағы суағар маңынан ұзындығы 3 шақырым, биіктігі 2 метр үйінді тұрғызылған. Тура осы жердегі жағдайы сын көтермейтін алты суағарға да биылғы жылы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «Аталмыш орын қайта қалпына келтіріліп, жаңадан суағар қойылып, су бөгеті (дамба) салынады. Тек конкурстың қорытындысын күтіп отырмыз», дейді Қарағанды жолдары ДЭУ-1, ДЭП-2 бөлімінің аға шебері С.Сланбеков.

Сондай-ақ, көктемгі су тасқыны кезінде қауіпті деп есептелетін Тегісшілдік, Жарлы, Қарынши, Жаңажол, Көктас-Жаңажол тас жолы, Ынталы, Қаракөл, Бүркітті, Жәнібек, Талды станциясы, Матақ, Нүркен елді мекендеріне де сәйкесінше бөгеттер қою жұмысы басталды.

Өз тілшімізден.

Қарқаралы ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.