ТІЛ – ТҰҒЫРДА

      Ақпараттың дамыған ғасырындағы түрлі өзгерістер еліміздің білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізді. Білім беру жүйесі көп тілді меңгеруге жан-жақты жол ашты.

Орта мектепте – үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы терең білім беру жоспармен іске асуда.

Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденіс, қолданған әдіс-тәсілдер арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Мұғалім өзінің шеберлігіне қарай жаңа оқыту технологияларын үйлестіріп, бір-бірімен ұштастыра алса, сапалы білім деңгейіне көтеріп, жетістікке жете алады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Үш тілді – мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілін меңгергеніміз өте дұрыс. Біз осылай үш тілді қолдансақ, түбінде жолымыз ашық болады» деп баса айтты. Осы бағытты ұстанған Абай ауданы Мичурин негізгі орта мектебі ұжымы үш жылдан бері үш тілділікті меңгерту тәжірибелік алаңында өз жұмыстарын жүргізіп келеді. Орыс тіліндегі мектептің әр оқу жылының жылдық жұмыс жоспарына үш тілді оқытудың міндеттері енгізілген.

Мақсат – дарынды оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыта отырып, ақпарат кеңістігіне ену мүмкіндіктерін кеңейту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Білім ошағында тәжірибелік алаң жұмысы бойынша қалалық деңгейде тәжірибе алмасу семинарлар, онлайн сабақтар ұйымдастырылып отырады. Өткен оқу жылында өткізілген  онлайн-сабақ барысында, әсіресе, «Су – тіршілік көзі» тақырыбындағы қазақ тілі сабағын өткізу барысында оқушылардың білімін жүйелі тексеруде үш тілде қолданылған  әдіс-тәсілдер қатысушылардың қызығушылығын арттырған.

Пән сабақтарында үш тілді насихаттау және тілдік қорларын дамытудағы әдіс-тәсілдер сабақтарда тиімді пайдаланылады. Сабақтарда ағылшын тілінде ойын стратегияларын пайдалану – сыни ойлауларын дамытуға ерекше әсер етуде. Үш тілде білім беру тәжірибесін жақсарту үшін зерттеу нәтижелерін енгізудің мониторингі жүргізілуде. «ХХI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны аясында мектеп және аудан аясында төменгі және жоғары сынып оқушыларының лигаларын әзірлеп ойындар ұйымдастырылып отырады. Мектепте мемлекеттік және ағылшын тілінде мектептің даму жоспары негізінде тіл үйрену бойынша факультатив сабақтары ұйымдастырылған.

Осылайша, үш тілділіктің бәсекеге қабілетті елдер қатарына бастар басты баспалдақтардың бірі екенін жүйелі жұмыстармен көрсетіп отырған білім ошағының жетістіктері де жетерлік. Өзге ұлт балалары оқитын орыс тіліндегі мектепте өткен оқу жылы бойынша аудандық қазақ тілінде жоба қорғаудан 1 оқушы – ІІ орын, қазақ әдебиеті пәнінен республикалық шығарма байқауынан І орын – 3 оқушы жеңіске жетті.

Мектеп ұжымы алдағы оқу жылында да биіктерден көріне бермек.

Маржан КАППАРОВА,

Мичурин негізгі орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

АБАЙ ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.