Қарағанды

Тіл ғұмыры – мәңгілік

   Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқалы бері, қазақ тілі өмір сүріп келеді. Ұлтымыздың атымен аталатын мемлекетте өмір сүріп жатқандықтан, еліміздің әр азаматының мемлекеттік тілді меңгеруі – Отан, қоғам алдындағы азаматтық парызы.

Мен өмірлік таңдауымды да мемлекеттік тілдің қасиеттілігін келер ұрпақ бойына сіңірумен байланыстырдым. Яғни, болашаққа бағыттаған мамандығым — өзге тілді ұлт мектептерінде қазақ тілін оқыту. «Ұлттың болашағы – ұрпағында, ұрпақ тәрбиесі – ұстаз қолында» деп бекер айтылмаса керек. Шәкірттің жеңісі – ұстаз еңбегінің жемісі екені ақиқат. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылу үшін бүгінгі ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеп өсіретін орда – мектеп. Мемлекеттік тілді орыс сыныптарындағы оқушыларға үйрету, тілін дамыту – аса күрделі әрі үнемі ізденісті қажет ететін іс. Яғни, бұл жерде сабақ жүргізу әдістемесін меңгерген ұстаз сабақты түсіндіріп қана қоймай, оқушының өз бетімен ізденуіне түрткі болып, бағыттай білуі қажет. Осы орайда, ұстаз дәстүрлі әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып және жаңа технологияларды ұтымды пайдалана оқыта білсе, оқушының бойындағы тілге деген қызығушылықтың артары және жазбаша сөйлеу тілінің дамуы сөзсіз. Бүгінгі күнде белгілі болған көптеген технологиялар бар. Біліммен сусындатқан шәкірттері сенім ақтап жатса, ұстаздың мерейі арта түсері сөзсіз. Ел ертеңі жас ұрпақ мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, қазақ тілімізге құрметпен қарайтындай дәрежеге жетсе, тілді оқытушы ұстаздардың ел алдындағы парызының ақталғаны деп білемін. Ол үшін кез келген педагог-маман өз ісінің білгірі болып қана қоймай, мемлекетіміздің болашақ туын желбіретер ертеңгі ұрпақты рухы мықты, патриоттық сезімі оянған жеке тұлға, азамат етіп тәрбиелеуі шарт.

Баян ДОСЫМЖАНОВ,

61 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button