Руханият

Тіл үйренуге тосқауыл жоқ

Елдегі төтенше жағдайға байланысты Қарағандыдағы Достық үйінің тіл мамандары аптасына екі рет бейнеформат арқылы қазақ және ағылшын тілдеріне оқытуды бастады.

– Індеттің таралуына байланысты жарияланған карантин әдеттегі пайдалы істен бас тартуға негіз болмайды. Мысалы, өткен сабақтарды қайталап жатпау үшін жаттығуды бейнеформатта жалғастыруға болады, – дейді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айым Серікова.

Бұл тұрғындардың сақтық шараларын сақтау мақсатында енгізілген қажетті шара екені анық. «Азаматтар уақытының көп бөлігін үйде болуға және шұғыл көмек қажет болған жағдайда ғана шығуға мәжбүр. Алайда, өздігінен оқшауланған жағдайда да, қажетті жұмыстармен айналысуға болады. Оңтайлы мүмкіндікті ғаламтор арқылы жүзеге асырып отырмыз. Қазіргі ахуалға байланысты үйден шықпай, өздігінен білім алуға, мұражайларға баруға, кітап оқып, тіл үйренуге болады»,  – дейді «Мәміле»  клубының оқытушысы Қарақат Тайкен.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button