Қарағанды

Тіл байлығын игеру – мақтаныш

   Тіл – ұлттың бірлесуі мен ұйымдасуына ықпал етеді. Адамдар арасындағы қарым-қатынас тірегі мен тәрбие құралы тәріздес. Халықтар достығы, өзара түсіністігі және де ынтымақтастығы – жаңа Қазақстанның құрылуындағы ең басты сүйеніш.

Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі аясында мектебімізде басқа ұлт өкілдерінің мәдениеті, тарихы, тұрмысын баяндайтын, облыстық мамандандырылған музыка мектеп-интернатында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты ағылшын пәнінің мұғалімі А.Каримова мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Әлімжанованың ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Осы мерекелік іс-шараны жоғары сынып оқушылары мың бұралған қазақ биімен ашып, 11 «А» сынып оқушысы Жасұлан Базилов «Анамның тілі» әнін шырқата орындаса, 10 «А» сынып оқушылары Аңсар Искаков гитарамен, Нұрболат Дінасыл виолончель аспаптарының сүйемелдеуімен Батес Тусенова француз тілінде «Je veux» әнін тамылжыта орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 7 «Б» сынып оқушылары «Отан – Ана» әнін нақышына келтіре орындап, биші қыздарымыз мәнерлі де әсем кимылмен музыканың ырғағында би билеп, өнеріне тәнті етті. Мектебіміздің жезтаңдай әншісі Саяжан Жеңіс қазақтың қара домбырасымен «Туған жер» әнін 9 «А» сынып оқушылары ағылшын тілінде «Lets get loud» әнін орындап, халыққа әсерлі көңіл-күй сыйлады. Домбырашылар «Науысқы» күйін күмбірлете орындап көрермендердің көңілін серпілтті. «Ән көңілдің – ажары» демекші, 11 «А» сынып оқушысы Ерасыл Нұрболаттың орындауында «Атамекен» әнін тыңдағанда – рухтанып, қанаттанды. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі демекші, «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты іс-шарамыз жоғары деңгейде өтті. Мамандандырылған музыка мектеп-интернатының басшысы Б.Букенов президентіміз Н.Назарбаевтың «…Жауға салса – алмастай қиған, дауға салса – бір сөзбен тыйған, сезімге салса – қырандай қалқыған, ойға салса – қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде не бар екен?!» деген жүрекжарды лебізін тілге тиек етті, – деді.

Ж.ҚАЙРОЛЛА,

Мамандандырылған

музыка

мектеп – интернатының биология пәні мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button