Жаңалықтар

Теологиялық сипаттағы күмәнді шетелдік оқу орындарында діни білім алу тәуекелдері туралы

Бірқатар мемлекеттерде, атап айтқанда Таяу Шығыста, соңғы жылдары қоғамдық-саяси және діни ахуал біршама күрделене түсті, бұл сонымен бірге әртүрлі діни ағымдардың белсенуіне, дінаралық қарамақарсылық фактілерінің өсуіне, нақты экстремистік және террористік ұйымдардың қоғамға енуіне және тайталасына байланысты. Әр түрлі псевдодіни және деструктивті ұйымдардың белсенді қызметі байқалады, олар өздерінің қатарына жаңа адепттер мен жақтаушыларды, оның ішінде өздерінің елдеріне келетін жастарды тартуға тырысады.

Жас қазақстандықтар шетелге барған кезде орын алуы мүмкін ықтимал қауіптер бар.

Біріншіден, тұратын және оқитын ортасында бөтен діннің ықпалына ұшырау қаупі бар. Әдетте, бұл 1) танымал емес ұйымдар, түрлі діни ассоциациялар және «бауырластар» деп аталатын ордендер демеушілік жасайтын әртүрлі тілдерді оқыту орталықтары; 2) барған елінде мемлекеттік бақылаумен қамтылмаған діни ғибадат үйлеріне бару; 3) күмәнді рухани жетекшілерден жеке сабақ алу және дәрістерін тыңдау арқылы болуы мүмкін.

Екіншіден, егер сіздің балаңыз шетелде діни білім алатын болса, онда ата-аналар баланың қандай діни мекемеде: күмәнді «худжралар» және «марказдар» (діни мектептер) немесе ресми медреселер мен жоғары оқу орындарында оқып жатқанын бақылап отыруы керек. Бос уақытын қалай және кіммен өткізеді? Ата-аналарымен, елшілікпен және тағы басқалармен жиі байланыс жасайды ма және тағы басқалары.

Үшіншіден, ата-аналар мен олардың балалары ағылшын немесе араб тілі курстарына, жеке өзін-өзі дамыту, кеңінен танымал психология және бизнес жүргізу негіздеріне оқытуға, шешендік өнер курстарына тегін шақырудың артында ештеңеден хабары жоқ шетелдіктерді өздерінің қатарына арбап тартушы нақты деструктивті ұйымдардың тұрғандарын білулері керек.

Аталған фактілердің барлығында біздің елімізге деструктивті идеялар мен ұғымдарды тасымалдау қаупінің бар екенін есте ұстаған жөн. Бұл Қазақстанға діни сенімдегі ортада болатын келіспеушіліктер мен идеологиялық қайшылықтарды әкелуге, бірқатар азаматтық, әлеуметтік-экономикалық және адамгершілік-этикалық аспектілер бойынша біздің қоғамымызда жағымсыз қоғамдық резонанстың туындауына және дамуына соқтыруы мүмкін.

Осыған байланысты жастардың шетелдерге шықпай, Қазақстанда өздерінің Отанында жоғары діни білім алуы үшін жағдай жасалды.

 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет арасындағы келісімнің негізінде 2001 жылы «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті құрылды. Университеттің мамандықтары барлығына міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарымен қамтамасыз етілген.

«Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушылары құрамының көпшілігінің ғылыми дәрежелері бар.

Оқу процесінің бағыты имам Әбу Ханифаның мәзхабына сәйкес белгіленеді. Университеттің материалдық-техникалық базасы барлық талаптарға сәйкес келеді. Университетте жатақхана, жалпы кітапхана, электронды кітапхана, оқу залы, лингафон және компьютерлік кабинеттер бар.

Кітапхана қоры өте бай, оқулықтармен, діни және зайырлы мазмұндағы ғылыми еңбектермен қамтамасыз етілген.

Жоғары оқу орнының мақсаты – ислам діні саласы бойынша сапалы білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру. Міндеттері – мамандарды даярлау сапасын арттыру, ғылымизерттеу қызметін дамыту.  

 «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ.

Басқа материалдар

Back to top button