Қарағанды

Теміртаулық кәсіпорын тұғыры

Теміртаулық «Инкар-1» ЖШС республикалық «Парыз» байқауында «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында топ жарды.

Президент тапсырмасына сәйкес, байқауды 2008 жылдан бері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, «Атамекен» ҰКП және Кәсіподақтар федерациясы біріге ұйымдастырып келеді. «Инкар-1» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін бағамдайтын байқаудың аталған номинациясында алтын мүсіншеге ие болды. Серіктестік бұл сыйлыққа шағын және орта кәсіпкерлік бизнес субъектілері арасындағы бәйгеде қол жеткізді.

Кәсіпорын металлургия, таукен өндіру және цемент өндірісіне қажетті қосалқы бөлшектерді шығаруға маманданған. Бүгінде ұжымда 100-ден астам адам еңбек етеді.

Қазіргі таңда өндіріс ошағында дуальді білім беру жүйесін дамытуға баса көңіл бөлінуде. Бұл мақсатта серіктестік Теміртау жоғары политехникалық колледжімен және GIZ халықаралық әріптестік ұйымымен үшжақты меморандумға қол қойды. Биыл кәсіпорында қысқамерзімді оқыту орталығы ашылды.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы

Басқа материалдар

Back to top button