Теміртау

Теміртауда жалпықалалық сенбілік өтті

Сенбілікке оған мемлекеттік мекемелер мен оқу орындарының қызметкерлері, студенттер, кәсіпкерлер және белсенді азаматтар қатысты.

Сенбілік қаладағы барлық ықшамаудандарды қамтып, кәсіпкерлік нысандар мен бюджеттік мекемелердің аулалары күл-қоқыстан тазартылды.

– Сенбілік кезінде жиналған қоқыстар көше бойында қалып қоймау үшін қалалық әкімдік тарапынан 14 жүк көлігі мен 4 жүк тиегіш техника жұмылдырылды. Көше тазалығына жауап беретін мердігер компаниялар да жиылған қоқыстардың дер кезінде шығарылуын қамтамасыз етеді, – дейді Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Низами Гаджиев.

Жалпықалалық сенбіліктен полиция мектебінің шәкірттері мен әскери бөлімшелердің сарбаздары да тыс қалмады. Оларды қажетті жабдықтармен қалалық әкімдік қамтамасыз еткен.

Басқа материалдар

Back to top button