Бас тақырыпОблыс әкімі

Теміртауда жаңа емхана ашылады

Теміртау қаласында жаңа медициналық мекеме ашылады. Нысанды Елбасы тапсырмасына сәйкес «АрселорМиттал Теміртау» АҚ  тұрғызды. Емхана тұрғындарды мамыр айынан бастап қабылдауға дайын. Теміртауға барған облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК жаңа мекеменің жұмысымен танысып қайтты. 

– Емхананы қолданысқа беру ғана қалды. Медициналық жабдықтар орнатылды. Қазір жиһаз жеткізіледі, – деді АМТ атқарушы директоры Вадим Басин.

Жаңа емхана тұрғын үй массивінде орналасқан. Бұған дейін адамдар дәрігерлердің қабылдауына бару үшін бірнеше шақырым жүруге мәжбүр болатын. Мекемеге 20 мың адамға дейін тіркеле алады.

Емхананың жанынан тағы бір нысан – дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Ғимарат сырты дайын, ішкі жұмыстар аяқталуға жақын.

Жеңіс Қасымбек жаңа ғимараттардың жанындағы аумақты абаттандыру мәселесіне назар аударды.

 – Асфальттаңыздар. Жаяу жүргіншілер жолын жасаңыздар, тұрақ жабдықтау мәселесін ойластырыңыздар. Адамдарға ыңғайлы болуы үшін жағдай жасаңыздар, – деді ол.

 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, екі нысанның да аумағын абаттандыру қарастырылған және ол жұмыстар маусым айында аяқталуы тиіс.

Басқа материалдар

Back to top button