Теміртау

Теміртауда «Жұлдыз-2019» республикалық байқауы өтті

Теміртау қаласында  «Жұлдыз – 2019» эстрадалық ән орындаушыларының республикалық байқауы өтті. Күміс көмей, жезтаңдай әншілердің дәстүрлі сайысы биыл ІХ мәрте ұйымдастырылып отыр.

Дүбірлі доданы Қарағанды облысы әкімінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және «Кеншілер мәдениет сарайы» КМҚК бірлестікте ұйымдастырған. Шараның басты мақсаты – ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыру, талантты жастарды табу және оларды шығармашылыққа, орындаушылық өнеріне баулу.

Байқауға Ақмола, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 25 орындаушы қатысты.

Кіл жүйріктен сынға түскен ән байқауында Түркістан облысынан келген әнші Бақтияр Ақылбектің жұлдызы жанып, бас жүлдеге ие болды.

Басқа материалдар

Back to top button