Теміртауда күйеуі пышақтаған әйел құтқарылды

Теміртауда өздеріне тиесілі аумақта қоғамдық тәртіпті қадағалау қызметін атқарып жүрген әскери наряд жетекшісі ефрейтор Ерболат Қаражігітов пен қатардағы сарбаз Дидар Болат және Байсұлтан Аяпбергенов өз зайыбына зәбір көрсеткен ашулы ер азаматты байқап, қолға түсірді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Белгіленген бағытпен келе жатқан әскерилер үйдің кіреберісінен жанұшыра жүгіріп шыққан әйелді көреді. Олар қан жоса болған сол жақ кеудесін алақанымен жапқан әйелге шұғыл көмек көрсетуге ұмтылады. Осы аралықта зардап шегуші өз күйеуі пышақпен жарақаттағанын айтып үлгереді.

5516 әскери бөлімінің сарбаздары болған оқиғаны кезекші бөлімге хабарлап, жедел жәрдем мен құқық қорғау органдарының өкілдері де шақырылады. Жарақат алған әйелдің жөн сілтеуімен оның жолдасы тұрғын үйдің кіреберісінде тұрған жерінен күш қолдану арқылы тұтқындалды. Тексеру нәтижесінде азаматтың спиртті ішімдік пайдаланғаны айқындалды және ол Теміртау қалалық Шығыс полиция бөліміне жеткізіліп, тиісті деңгейдегі шаралар қолданылуда.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.