Теміртау

Теміртауда болашақ аналар клубы ашылды

Теміртауда жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен болашақ аналар клубы ашылды.

Клубтың басты мақсаты – болашақ белсенді әрі жас аналардың уақытын ұйымдастыру, балаға күтім жасауды үйрету, босанғаннан кейінгі депрессияның пайда болу себептері мен алдын алу тәсілдері туралы айту. Жас аналар клуб жұмысына тегін қатыса алады.

 – Қазір біз жүкті әйелдер арасында сұлулық байқауын өткізуді жоспарлап отырмыз. Көбінесе, жүкті әйелдердің өздеріне көңілдері толмай жатады. Сондықтан, біз олардың өздеріне деген көзқарасын түзеп, пікірін өзгертуге көмектесеміз, – дейді Теміртау жастар ресурстық орталығының жетекшісі Алена Хегай.

Клубты құрушылар аналардың психологтармен, акушер-гинекологтармен және педиатрлармен кездесулерін ұйымдастырмақ.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button