Жаңалықтар

Теміртауда Бұқар жыраудың 350 жылдығына арналған конференция өтті

Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған конференция өтті. Шараның басты мақсаты – жыраудың өмірі мен шығармашылығын насихаттау.

Шараға Елбасының қызметтестері, еңбек ардагерлері, қала әкімдігінің өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары, тарихшылар, саясаттанушылар және  ұстаздар мен студенттер қатысты.

Конференция барысында Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар, ҚМИУ кафедра меңгерушісі Нұрзия Әбдікәрімқызы, Бұқар жырау ауданы Новоузенка орта мектебінің ғылыми істер бойынша директордың орынбасары Саят Ибрагимұлы, Темір қаласының №8 орта мектебінің оқытушысы Жанар Әлібекқызы, бұқартанушы Қалиасқар Мықтыбайұлы және жырау Жасылан Хамитов Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі мен шығармашылық мұрасына қатысты баяндама оқыды.

Іс-шараға белсене қатысқан азаматтар Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button