КоронавирусТеміртау

Теміртауда 2020 жылы туған нәрестеден коронавирус анықталды

Бүгін Қарағанды облысында 8 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың барлығы Теміртау қаласының тұрғындары. Сырқатқа шалдыққандардың арасында туғанына небәрі 23 күн ғана болған нәресте бар. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“Науқастарды тексеру барысында олардың COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны нақтыланды. Осыдан соң, індетке шалдыққан азаматтар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. 2020 жылдың 27 сәуіріндегі жағдай бойынша облыста коронавирус жұқтырудың 128 жағдайы тіркелді. Олардың ішінде 1 адам қайтыс болып, 37 науқас жазылып шықты”, – делінген хабарламада. 

Вирустың таралу аумағы:

Қарағанды – 53 адам;
Теміртау – 53 адам;
Шахтинск – 7 адам;
Саран – 1 адам;
Бұқар жырау ауданы – 1 адам;
Шет ауданы – 1 адам;
Абай – 1 адам;
Басқа облыстардың тұрғындары – 11 адам .

Басқа материалдар

Back to top button