Жаңалықтар

Телефонын жоғалтқан қыздың өзі жазықты болмақ

Қарағанды қаласының 22 жастағы тұрғыны жалған мәлімет бергені үшін жауапты болуы мүмкін. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД Баспасөз қызметі хабарлады.

Бойжеткен полицияға өзін белгісіз ер адамның ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алғаны жөнінде арыз жазғаны айтылған. Алайда тергеу барысында, қыз баланың жалған мәлімет бергені анықталды. Белгілі болғандай, ол мас күйінде таксиге отырып, ұялы телефонын сол жерде ұмытып кеткен. Тәртіп сақшыларының телефонын тауып беруінен күдерін үзген  қыз өтірік айтуды, осылайша телефонын таптырып алуды көздеген. Енді жалған мәлімет бергені үшін оның өзі де қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button