Жаңалықтар

Тексеріс жүргізілуде

                                Қарағандыда санитарлық дәрігерлер базарлар мен сауда үйлерінде рейд жүргізуде. Сатушылар мен сатып алушыларға А гепатитінің алдын алу туралы ақпарат жазылған парақшалар таратылуда. Осындай рейдтердің бірі «Шығыс» базарында өтті.

– Біз насихат-түсіндіру жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Гигиена ережелері туралы, ауру қаупін қалай төмендетуге болатыны туралы айтудамыз, – дейді Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің азық-түлік нысандарын санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Күзембаева.

Мамандар көкөністер мен жемістердің сақталу шарттарына баса назар аударды. Олар қоймаларды аралап, өнімді сақтау жағдайларына назар аударды. Тексеріс көрсеткендей, тауар салынған жәшіктер тәртіпке сай түпқоймаларға қойылған. Барлық көкөністер қаптарға салынған.

– Біздің базарда күнделікті түрде сауда нүктелерінің тазалығы, сатушылардың алжапқыштарының бары және тауардың сапасы тексеріліп отырады. Сонымен қатар, аумақта көкөністер мен жемістерде нитраттар мен басқа да зиянды қоспалардың бар-жоғын анықтайтын зертхана жұмыс істейді, – дейді «Шығыс» базарының санитарлық инспекторы Сергей Шульц.

Мұнда, сонымен қатар, күнделікті фито-санитарлық бақылау жүргізіледі. Мамандар базардың аумағына кіретін барлық жүк машиналарын тексереді. Егер, тауарға, сәйкесінше, қажетті құжаттар болмаса, оны сатуға тыйым салынады.

Айта кету керек, өткен жылы бекітілген санитарлық нормаларға сәйкес, санитарлық дәрігерлер жоспарлы түрде базарлар мен сауда нүктелерін, 50 орыннан аз сыйымдылығы бар қоғамдық тамақтану орындарын тексере алмайтынын атап өткен жөн. Тексерісті олар, тек, жоспардан тыс, тұтынушылардан шағым түскен жағдайда, қоғамдық денсаулыққа қауіп төнген жағдайда ғана өткізе алады. Осылайша, 2017 жылы департаментке Қарағанды облысының тұрғындарынан базарлар мен дүкендердегі өнімдердің сапасына қатысты 10 шағым түскен. Оның алтауында дәрігерлер адамдардың денсаулығына қауіп мүмкіндігін тексеруге шыққан. 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button