Руханият

Театр тарланы – туған жерінде

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ұсынған «Рухани жаңғыру», рухани түлеу мен жаңару да белгілі бір тақырыпта мәдени іс-шара өткізіп, аспанға шар ұшыру немесе шыршаны айналып жаңа жыл тойлау еместігін ертеден білетін едік. Оны науқаншылдық деп ұғып, ағымдық дүниеге айналдырып жібергендер – өз ұлтының әдебиетінен, әні мен күйінен хабары жоқ, көрсе де, оқымайтын, естісе де, тыңдамайтын, өмірі театрға бас сұқпаған біздің қоғамның мәртебелі шаласауаттылары. «Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлайды» (Абай) олар. Театрға барады-ау, бірақ, нұрын, сырын байытуға емес, елге көз қылып, көріну үшін жүреді. Әйтпесе, біздің Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры небір керемет қойылымдар сахналап жатады. Мен үшін рухани жаңғыру осы жерден спектакль көріп қайтқаным емес, сол қойылымнан санаға түйіп, сезінгенімде. Аптасына демей-ақ қоялық, жарты немесе бір айда бір осы театрдан қойылым тамашалап кетіп жүрген адамның орта жаны толысып, жарты жаны молыға бастар еді. Егер әр жағында сәуле болса?

«Бұл күндері Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының Орал өңіріндегі мерейтойлық гастрольдік сапары табысты жалғасуда» деген ақпарат берді өткен аптада театрдың жеке сайты. Театр маусымының ашылғаны кеше ғана еді, Оралға құлап кеткен бе деп аң-таң қалдық. Әлеуметтік желідегі театрдың жеке парақшасы мен сайтынан көріп отырмыз, оралдықтар Қарағанды әртістерінің қойылымдарын жақсы қабылдаған сыңайда. Халықтар достығы орденді біздің театр онда «Туған жерге тағзым» сапарымен қос бірдей өнер тарландары – драматургияда қалам тербеп жүрген ҚР еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Кеңес Жұмабековтің 70 жас, “Құрмет” орденді актриса Гүлсара Рәшқалиеваның 35 жасқа толуына байланысты барған екен. Қарағандыдағы қара шаңырақтың гастрольдік сапары Оралда әлі де жалғасуда. Жай жалғасып жатқан жоқ, аншлагпен өтіп жатыр дейді өздері. Жоғарыда аттары аталған қос өнер тарланы әртіс боп Қарағандыда танылғанымен, сол Орал топырағының тумалары. Қазақ болған соң, Оралда, Орталық, Оңтүстікте ту не – бәрі бір. Қашаннан жақсы ортақ елге. Оның үстіне, Арқа жұртын Оралға, Орал жұртын Орталыққа жалғайтын – осы ұлы өнер мынадай бейбіт заманда! Бір аймақ мәдениеті екінші өңірде салтанат құрып жатса, нағыз рухани жаңғыру – сол!

Өткен жылы ғана өзінің 85 жылдық мерейтойын атап өткен Арқадағы театр өнерінің қара шаңырағында биыл да қос мерейтой деген сөз. Кеңес ағаның әртістігінен бөлек, драмаларының өзі неге тұрады?! Оралда туып, Арқада танылған қос өнер саңлағы мерейтойларын туған жерге тағзымнан бастағаны қандай жарасымды болған! «Туған жерге туың тік» деген атам қазақтың өнегелі сөзін жаңғыртқан Елбасыға қалай разы болмайсың осындайда?! Онда өнерпаздарды қолдап барған театр басшылығы мен әріптестері оралдық көрермендерге «Қайран, жас дәурен!» ретро қойылымы мен «Адасқандар» драмасын сахналапты. Кеңес Жұмабековтің «Адасқандары» бүгінде күйіп тұрған діни мәселеге қатысты. Қойылым қазіргі жастардың кейбірінің Ислам дінін жамылып, жалған секталар мен тура жолдан тайдыратын пиғылы жаман, өтірік діншілдердің жетегінде кетіп, опық жегенін, отбасынан, ата-анасынан айрылып, тәлкекке түскен тағдыры жайында. Әр көрерменді ойландырып, ойға қалдыратын терең мазмұнды туындыны жастар сабақ алсын деген мақсатпен еліміздің көптеген мекемелері мен ұйымдары тапсырыспен қойғызады. Міне, енді оралдық көрермендер де осы әлеуметтік драма тақырыбы өздерін де қызықтырғанын айтады. Рухани адасқан жастарды дұрыс бағытқа, дәстүрлі тәрбиеге үгіттейтін өзекті тақырыптағы драманың қоюшы режиссері – Сламбек Жұмағали да С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының өнерпазы.

Қарағандылық өнер иелерін Орал жұрты құшақ жая қарсы алып жатыр. Туған жерлеріне тағзым етіп, жерлестері алдында шығармашылық есеп беруге барған қос өнер тарланына Ақжайық жұрты ыстық ықылас танытып, қошеметтеп, құрмет көрсетуде. Біз қасымызда қойылып жатқан спектакльдерге баруға уақыт қимаймыз… «Орал қаласындағы Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының ғимаратында қойылған “Қайран, жас дәурен!” спектакліне барған халықтың есебіне жету қиын. Ине шаншар орын жоқ» дейді көргендер. Оралдағы мәдениет пен өнер басшылары, жергілікті билік өкілдері, тұлғалы азаматтар – бәрі де актер-драматург Кеңес Жұмабеков пен актриса Гүлсара Рәшқалиева тәрізді жерлестерін мақтан ететінін айтып, құрмет құшағына бөледі. «Сырт көз – сыншы» десек, бұл – Қарағанды театр өнерінің қаншалықты жоғары дәрежеде екенін көрсетсе керек. Енді Арқа театрының өнер Сейсенбі күні «Достық үйінде» «Қазақстан-2050» Демократиялық күштерінің аймақтық коалициясының отырысы өтті. Талқыға түскен тақырып – «Медиация: дамуының өзекті мәселелері мен перспективалары». делерін қорғау, қалпына келтіру біздің жауапкершілікке жатады. Уәкіл жұмысының маңызды бағытының бірі – жылына екі рет ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды анонимді сауалнама арқылы зерделеп, нәтижесімен ұжымдағы мемлекеттік қызметшілердің ара қатынасына, басшы мен қызметшілердің қарымқатынасына, қызметшілердің құқығының бұзылуына талдау жасап, ұжымдағы жағдай қалыпты болмаса ұжым басшысына ұсынымдар береді. Алдағы уақытта осы бағыт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жалғасын таба бермек. Б.ҚАНАТОВА, ҚР ҰЭМ ТМРБжТҚҚ Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі. 2011 жылдың 28 қаңтарында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Медиация туралы» Заңға қол қойған болатын. «Қазақстан-2050» Демократиялық күштерінің аймақтық коалициясының осы кездесуінде медиацияны дамытудың келешегі талқыланды. Кездесуді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихатының депутаты Қадиша Оспанова ашып берді. – Әлемде, оның ішінде, ТМД елдерінде ең серпінді дамып келе жатқан институттардың бірі медиация болып табылады. Ол дауларды шешудің балама түрі болып табылады. Медиация – азаматтық қоғамның негізі, демократия мен өркениеттің жолы. Бүгінгі кездесу өте маңызды. Өйткені, біз сөзбен ғана емес, іс-шараларда да әрбір азаматқа қазіргі заманғы медиацияның артықшылықтары туралы хабарлауға тиіспіз, – деп атап өтті Қадиша Оспанова. Кездесуде айтылғандай, медиация тараптарға өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға және даудың коммерциялық және құқықтық аспектілеріне ғана емес, сонымен қатар, әр тараптың заңнамада көзделген өтемақыдан тыс жеке мүдделеріне баса назар аударуға мүмкіндік береді. Уақыт пен ақшаны үнемдеуден басқа, медиация процесі бизнес иелері мен басқарушылар арасындағы қалыпты қарым-қатынастарды ұстап тұруға көмектеседі. Сондай-ақ, өз проблемаларын өз бетінше және тиімді шешу қабілетіне деген сенімін арттырады. – Бүгінгі күні ең тиімді, әмбебап және оңтайлы – бұзылған немесе наразылық білдірілген құқықтар мен заңды мүдделерді қорғаудың соттық нысаны. Алайда, қазіргі жағдайда қоғам өмірінің барлық салаларын қарқынды дамыту айқын. Бұл медиацияда өте өзекті болып табылады, – деді Қарағанды қақтығыстарды шешу және медиация институтының директоры, кәсіби медиатор А.Пак. Кездесу соңында жиналысқа қатысушылардың ұсыныстары тыңдалды. Республикалық демократиялық күштер коалициясына жіберілетін ұсынымдар қабылданды. Қасымхан ҒАЛЫМ, «Орталық Қазақстан» сапары онда «Адасқандар» драмасымен жалғасады. Жалпы, театр репертуарында актер-драматург Кеңес Жұмабековтің қаламынан туған туындылар баршылық. Білетініміз бар, білмейтініміз бар, олардың ішінде атап айтарлық соқталы дүниелер жетерлік. Қаздауысты Қазыбек би мен Бұқар жырау Қалқаманұлының тарихтағы орнын бағамдап, тұлғалық қырын сомдаған «Қаздауысты Қазыбек» және «Көмекей әулие» тарихи драмаларын атап өткеніміз артық болмас.

Оралда қойылып жатқан «Адасқандар» драмасын күніне үш мәрте сахналаған, халық қарасы азаймаған, көрермендер келген үстіне келе түскен. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, облыс әкімінің мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі Рымбала Омарбекова бастаған қарағандылық делегацияны актер-драматург Кеңес Жұмабеков пен «Құрмет» орденінің иегері Гүлсара Рәшқалиеваны 70 жасқа толған мерейтойына орай Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов арнайы қабылдап, оларға жерлестері атынан сый-сыяпат жасады. Сәкен театрының директоры, «Құрмет» орденінің иегері Сансызбай Бекболатов қабылдауда облыс әкімін театрдың шығармашылық жоспарымен таныстырды.

Бір күнде бірнеше қайтара қойылған «Адасқандар» әлеуметтік драмасының басталар алдында облыс әкімінің орынбасары, облыстық мәдениет басқармасының басшылары сөз сөйлеп, қарағандылық театр ұжымына алғыстарын білдірді. Батыс Қазақстан университетінің ұстазы Сайлау Сүлейменов Кеңес Нарымбайұлының кластастары атынан құттықтау сөз сөйлеп, делегация жетекшісі Рымбала Кенжебалақызына гүл шоғын тарту етті.

Жәнібек ӘЛИМАН,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button