Жаңаарқа

Тазалық – жер көркі

Жалпыоблыстық сенбілік аясында аудан әкімі Юржан Бекқожиннің тапсырмасымен «Аудан тазалығы – өз қолымызда!» атты науқан өтті.

Жастар ресурстық орталығының мамандары, Жезқазған индустриалды- -гуманитарлық колледжінің, Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледжінің студенттері мен ұстаздары тазалық акциясына ерекше қарқынмен кірісті. Шараның мақсаты – табиғатты аялауға, оның тазалығын сақтауға тәрбиелеу. Тазалық – тәртіптің тірегі, денсаулық кепілі, дамудың тетігі. Науқан соңында Отыншы Баубекұлы атындағы орталық саябақта студенттер арасында «Көңілді старт» эстафеталық ойындар жарысы өткізілді. Шара қорытындысы бойынша жазғы сахна алаңында науқанға белсене қатысқан колледж ұжымдары аудан әкімінің алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, белсенді жастардың атынан Асхат Қаппасов барлық аудан тұрғындары мен жастарын «Өз үйім, туған жер – алтын қазығым, өз үйімді таза ұстау – парызым» атты тазалық шарасына қатысуға шақырды.

Шара О.Жұмабеков атындағы орта мектебінің оқушылары дайындаған флешмоб биімен өз жалғасын тапты.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button