Бас тақырыпРесми

Татьяна АБЛАЕВА: «Қарағандыда ірі сауда үйлері уақытша жабылды»

Қарағанды облысындағы сауда-ойын-сауық орталықтары мен ірі сауда үйлері, азық-түлік сатпайтын базарлар және азық-түлік емес тауарлар бутиктері қызметі 20 наурыздан бастап уақытша тоқтатылды. Сауда үйлерінің ғимараттарында орналасқан дәріханалар мен супермаркеттер қысқартылған жұмыс күніне өтіп, 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай ақ, көлемі 2 мың шаршы метрге дейінгі сауда ғиматтары осы режимде жұмыс істейді. Бұл шешім коронавирусты таратпауға байланысты қабылданып отыр.

Сауда орнында орналасқан қоғамдық тамақтану орындары азық-түлікті тұтынушыға дейін өздерінің тасымалдау көздері арқылы немесе басқа да жеткізу көздерімен санитарлық ережелерді қатаң қадағалап жеткізеді. Қоғамдық тамақтану орындарынының жұмыс істеу уақыты 20.00-ге дейін шектелді әрі бір орынға бір адам отырғызу ережесін қатаң сақтай отырып, бір уақытта 50 адамнан артық тұтынушы қабылдауға тыйым салынды. Аталған қызмет көрсетушілер қатаң түрде санитарлық режимді сақтауы тиіс. Барлық  кәсіпкерлерді түсіністі танытып, жағдайға тез икемделгені үшін алғыс білдіреміз.

Ел аумағында енгізілген төтенше жағдайға байланысты ірі сауда орындары иелері мен уақытша жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлерден жалдау құны алынбайды. Үкімет тарапынан бизнесті қолдау үшін тағы да қосымша шаралар қарастырылып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржы бөлуді жоспарлап отыр.

Барлық кәсіпкерлер өздерін мазалаған сұрақтары бойынша облыстық кәсіпкерлік басқармасы мен кәсіпкерлер палатасына хабарласа алады.

Тел: 50-78-33, Колл-центр: 14-32

Басқа материалдар

Back to top button