Жаңалықтар

Татамидегі тартыс

Жезді кентінде Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай, дзюдо күресінен ашық біріншілік өтті. Татамидегі тартысқа 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер, сондай-ақ, 2008-2009 жылдары дүние есігін ашқан балалар мен 2005-2007 жылдар аралығында туған дзюдошы қыздар қатысты.

Олимпиадалық спорт түрі болып саналатын балуандар бәсекесінде жалпы саны 9 команда құрамындағы 153 үміткер өзара сынға түсті. Олар тиісінше, Қарағанды, Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалалары, Жаңаарқа, Қарқаралы аудандары және Жәйрем кентінің намысын қорғады.

Сындарлы сайысқа Ұлытау ауданының атынан Сарысу селолық округі мен Жезді кентінің жас балуандарынан құралған қос команда қосылды.

Жарыстың алғашқы күні 32, 35, 38, 42, 46 және 50 келі салмақ дәрежесінде 2005-2006 жылғы жасөспірімдер белдессе, келесі күні 2008-2009 жылы туған балалар 23, 26, 29, 32, 35 келі салмақ дәрежесінде бақтарын сынады. Ал, қыздар арасындағы сайыста 30, 40 келі салмақтағылар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Ұйымдастырушы тарап жеңімпаздар мен жүлдегерлерге лайықты сый-сияпаттар ұсынды.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,

«Орталық Қазақстан»

 ҰЛЫТАУ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button