Жаңалықтар

Тасарал – құт қонған мекен

ТАСАРАЛ АУЫЛЫ – АҚТОҒАЙ АУДАНЫНДА, БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ОҢТҮСТІКШЫҒЫС БАҒЫТЫНДА 113 ШАҚЫРЫМ, АЛ САРЫШЫҒАН СТАНЦИЯСЫНЫҢ ШЫҒЫС БАҒЫТЫНДА 41 ШАҚЫРЫМ ЖЕРДЕ, ҚАСИЕТТІ БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ СОЛТҮСТІК ЖАҒАЛАУЫНДА ОРНАЛАСҚАН ҚҰТТЫ МЕКЕН. АҚЖОЛТАЙ АҒЫБАЙ БАТЫРДЫҢ ӨМІРІМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСЫП, ОНЫҢ ЕСІМІН ИЕЛЕНІП, АТА-БАБАЛАРДЫҢ АРУАҒЫ ЖЕЛЕП-ЖЕБЕГЕН, ЕЛГЕ «АҒЫБАЙДЫҢ ТАСАРАЛЫ» ДЕГЕН АТПЕН БЕЛГІЛІ КИЕЛІ ЖЕР.

Ал, «Тасарал» атауы Тасарал ауылының оңтүстік-шығыс бағытында, ауылдан 8 шақырым жерде орналасқан «Тасарал» аралымен байланысты. Аралдың жағалауында үлкен жартастар орналасқан, яғни, аралдың жағасы тасты болып келеді.

Тарихи мәліметтерде «Тасарал қамалы» деген атпен белгілі. Белгілі қаламгер Сапарғали Бегалиннің «Тасарал қамалы» деген поэмасы бар. 1925-1928 жылдарға дейін Тасарал қыстақ ретінде Қарқаралы уезіне қарасты Мойынты болысының аумағында орналасқан еді. Кеңес билігі келгеннен кейін Мойынты болысы жабылып, Шет ауданының 14-ауылы болып аталды. 1928 жылғы басталған саяси қуғын-сүргін, байлардың мал-мүлкін кәмпескелеу әсерінен Арқада отырған қазақтар жан сақтау үшін Балқаш көлінің жағасына ағылады. Балық аулап, ашаршылықтан аман қалады. 1930 жылдан 1937 жылға дейін Тасарал Жамбыл облысы, Шу ауданына қарады. Ол Тасаралдан 400 шақырым қашық болғандықтан, халықтың тілегімен 1937 жылдан бастап, Балқаш қаласының қарамағына беріледі. 40 жыл бойы, яғни, 1977 жылы Жезқазған облысының Приозерный ауданы ашылғанға дейін Балқаш қаласына қарады. Ал, 1997 жылы Жезқазған облысы, Тоқырауын (бұрынғы Приозерный) ауданы таратылған соң 300 шақырымдай жерде орналасқан Ақтоғай ауданының қарамағына өтті. Жасыратыны жоқ, осы уақыттан бастап, ауыл тұрғындары үшін аудан орталығына барып-келу қияметі басталды.

Тасарал – халық саны мен экономикасы жылдан-жылға өсіп отырған ауыл. Осы жылдары бірде-бір адам көшіп кетпеген, бұрындары басқа жаққа қоныс аударғандар қайтадан көшіп келіп жатқан елді мекен. Оның демографиялық ахуалының жақсарғаны мынадан-ақ көрінеді. Қазақстанның көптеген ауылдарында мектептер жабылып жатса, Тасаралда керісінше, бала саны артып, бұрынғы орташа мектеп қазір орта мектепке айналды. Онда 100-ден аса бала оқиды.

Ауылда мектеп ғимаратының ескіргені, жол мен ауызсу сапасы, көше бойларының ретсіз күйде болуы секілді күрмеулі мәселелер баршылық. Тұрғындар бұл келеңсіздіктердің келешекте жөнге келуінен үмітті. Ал, жалпы ауыл тұрғындарының әл-ауқаты, тұрмыс деңгейі көз қуантады.

1930 жылдардың орта шенінде Тасарал селолық кеңесінің құрамына Бурыл-байтал, Қашқан теңіз, Қоржынтүбек (қазіргі Приозерск қаласы), Сарымсақты (қазіргі Сарышыған станциясы), Мойынты, Киікті, Босаға, Соқырқой елді мекендері кірді. Оларда балық қабылдау пункттері жұмыс істеп тұрды. Сол кезде селолық кеңес есебінде 5 мыңға тарта адам болған. Ауылда «Қызыл қазақ» балық аулау мекемесінен басқа Тасарал балық қабылдау және оны өңдеу зауыты, «Тасарал артель-соль» кәсіпорны және мал шаруашылығы фермасы болған. 1947 жылы «Мойынты-Шу» теміржолы ашылған соң көп балықшылар іргелес станцияларға көшіп кетеді. Бұдан бөлек, 1956 жылы балық аулау учаскелері орналасқан жерлерге «Сарышыған» әскери-сынақ полигонының орналасуына байланысты балық аулау бригадалары таратылады.

Тасаралдың ашаршылық жылдары елді аман сақтаудағы орны ерекше. Себебі, мұнда балық өндіру жұмысы жақсы жолға қойылған еді.

1934 жылы бастауыш мектеп салынып, оқу жасына толған балалардың бәрі қамтылған. Сол кезде оқушы саны 250-дей болған екен. 1941 жылы ауылдан соғысқа екі жүздей азамат аттанып, жүзден аса қыршын жігіттер қан майданнан қайтпай қалған, тіпті, кейбір отбасы үш бірдей боздағынан айырылған.

1929 жылы «Артель» балық аулау кәсіпорны, 1930 жылы «Қызыл қазақ» балық аулау колхозы құрылады. «Қызыл қазақ» атану себебі, алғаш балық аулау бригадасының басшылары ұзын бойлы, зор денелі, қызылшырайлы адамдар екен, балықшылар да соларға ұқсайды екен. Сол маңдағы қазақтар оларды «Қызыл қазақ балықшылар», ал орыстар «Красные казахи» деп атап кеткен. 1965 жылы «Қызыл қазақ» колхозының аты «Октябрьдің 50 жылдығы» балық аулау колхозы болып өзгереді. Кей жылдары мұнда 500 000 центнерге дейін балық ауланған. Сол уақытта Тасарал балықшылары атақ-даңқы дүрілдеген, бүкіл Кеңестер Одағына танымал еңбек ұжымы еді.

1990 жылы «Октябрьдің 50 жылдығы» атындағы колхозда 600-ден аса жылқы, 100-ден аса түйе, тоңазытқышы бар үлкен кеме, 1 үлкен теңіз кемесі, 15 мотобот болды. Өзге де қажетті техникалары жеткілікті болатын. Балық тоңазыту, ыстау, ау-сүзекі тоқитын цехтар, машина-трактор паркі жұмыс істеді. Мәдениет үйі, сауда үйі, монша, радио торабы халыққа қалтқысыз қызмет көрсетті.

«Азаматына қарап ауылын таны» дегендей, осынау құтты мекеннен кімдер шықты?! Балқаш, Приозерск қалалары, Сарышыған, Мойынты, Киікті, Босаға, Гүлшат, Мыңарал, Шығанақ, Бурыл-байтал елді мекендерінің негізін қалаушылар – Тасарал азаматтары. Атақты шертпе күйдің шебері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі Әбікен Хасенов, белгілі сазгер, КСРО Халық әртісі Сыдық Мұхамеджанов, көрнекті жазушы-драматург Софы Сматаев, Қазақстанның Геология министрлігінде жауапты қызмет атқарған Мәди Рахымбеков, республика Ішкі істер министрінің орынбасары болған генерал Біләл Омаров, Жоғарғы Соттың судьясы болған Кеңес Жалмұханбетов – осы өңірден шыққан азаматтардың ұрпақтары. Бүгінде білім, ғылым, мәдениет, өнер, мемлекеттік қызмет және басқа да жауапты салаларда елге танымал көптеген азаматтар қызмет атқаруда.

Ғалымдар – Қазтұтынуодағы ҚарЭУ ректоры, экономика ғылымдарының докторы, ХЭА академигі Ерқара Аймағамбетов, Еуразия Ұлттық университеті жанындағы жоғары білім беру проблемалары институтының директоры болған химия ғылымдарының докторы, профессор Мәтібай Жамбеков, Ұлттық гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы бас директорының орынбасары, НАК академигі Марат Сыздықов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің факультет деканы, биология ғылымдарының докторы, академик Қуандық Сапаров, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кәсіподақ ұйымының төрағасы, профессор Болат Әбенов, Қостанай Қазақ-Ресей халықаралық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Мағауия Мұқымбеков, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың кафедра меңгерушісі, математика ғылымдарының докторы, профессор Дәулет Әлібиев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Шекті Сәрсенбаев, математика ғылымдарының кандидаттары – Мұқыр Ахметов пен Бейбіт Әлтаев, Майдагүл Мұқымбекова, тарих ғылымдарының кандидаттары – Дәулет және Бибігүл Әбеновтер, филология ғылымдарының кандидаты Ғалия Майкотова, заң ғылымдарының кандидаты Бейбіт Құлмағанбетов және басқалары – ауыл мақтаныштары. Тасаралда дүйім елге үлгі етерлік отбасылар баршылық. Айталық, біздің үйдің елу жыл бойғы көршілері Әбеновтер отбасынан төрт ғалым – екі профессор және екі доцент шыққан.

Аймақтағы ардақты ағаларымыз – Тасаралдан шыққан тұңғыш металлург, Кеңес Одағы ордендерінің иегері, Кеңес Одағының құрметті металлургі, «Тасаралдың генералы» атанған Көшен Боқанов, Балқаш өңірінде ұзақ жылдар басшылық қызметтер атқарған Берліғали Жүнісбеков пен Қамажан Қарашолақов, қоғам қайраткері, 10 жылдай Тасарал колхозының басқармасы, 20 жылдан аса Іле (Қапшағай) балық зауытының бас директоры болған Қиса Қоқымбаев, Балқаш өңірінде жауапты қызметтер атқарған, «Ақжолтай Ағыбай батыр» қорының президенті Сақтай (Сағыжан) Аманжолов, Сайлау Тұрғанбеков, Мұқыш Сатыбалдинов, 30 жылдан аса Ақтоғай өңірінде басшы қызметтерде болған Дәркен Жұмағұлова, Балқаш қаласында бас дәрігер болып қызмет атқарған Тілеубай Бүкібаев, Балқаш қаласының санэпидстанциясында басшы қызметтер атқарған Көбен Бекмағамбетов, ауыл мектебінде 40 жыл директор болған, елімізге еңбек сіңірген қызметкер, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Боқай Найманбаев, республикалық «Казцветметремонт» мекемесінің президенті болған Қуандық Әрінов, «Қазақмыс» корпорациясында басшы қызметтер атқарған Малшыбай Тиесов, Серікбол Шағжанов, Кеңесқали Садықов, Ауыл шаруашылығы және Ішкі істер министрлігінде жауапты қызметтер атқарған Сепбол Шағжанов, «Қазақстан темір жолы» кәсіпорнында басшылық қызметтерде жүрген «Құрметті теміржолшы» Кеңтай Ахметов, Сарышыған кентінде басшы қызметтер атқарған Нұржаһан Шөженова, Қорғаныс министрлігінде көп жылдар жауапты қызметте болған полковник Жұматай Боқанов, елге белгілі жазушы – Адамбай молданың қызы – Тілеухор апамыз, Алматы облысында мектеп директоры қызметінде жүрген Әуесхан Тұрабаев, Балқаш қаласы салық басқармасында ұзақ жылдар жауапты қызмет атқарған Ошақбай Әлтаев, Тоқырауын ауданы әкімінің бірінші орынбасары болған Бекен Ахаев, Балқаш қаласы санэпидстанциясында көп жыл бойы қызмет атқарған Мендібай Шоланов, Ауған соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, кезінде Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылған полковник Байғали Қоқымбаев және тағы да көптеген аты аталмай қалған азаматтар.

Республикалық Тұтынушылар одағында, «Игілік» банкіде, Әділет министрлігінде, Жоғарғы сотта басшылық қызметтер атқарған, қазір Жоғарғы Соттың шаруашылық басқармасының директоры, халық арасында «генерал Марал» атанған Марал Балтышев, Жезқазған аймағындағы Халық банктің директоры болған Марфуға Мусина, Приозерск қаласының әкімі қызметін атқарған Нұрлан Бікіров, Нұра ауданы салық басқармасының бастығы болған Тасыбай Күлмағанбетов, ҚарЭУ баспасының директоры Фатима Найманбаева, Алматыдағы «Тасарал» мейрамханасының иесі, белгілі кәсіпкер Дәулет Асанов, Абай аудандық салық басқармасы бастығының орынбасары болған Тілеш Дүйсенбаев, Сарышығанда жауапты қызметтерде жүрген Әбүйір Әлжанов, Балқаш қаласы АХАТ бөлімінің бастығы Әсия Найманбаева, Тоқырауын ауданының судьясы болған Талғат Жүнісбеков, Қарағанды облыстық ішкі істер басқармасында жауапты қызмет атқарған Ораза Майлыаяқов, Приозерск қаласы салық басқармасының бастығы болған Айдар Қарашолақов, Балқаш қаласы жолаушылар тасымалдау мекемесінің директоры Нұрлан Қысанов, ақ халатты абзал жандар – Мағираш Шағжанова мен Қайрат Бижанов, «Қазақмыс» корпорациясында басшы қызметтерде жүрген Ардагер Әрінов, Қасқабай Махабаев, белгілі кәсіпкер Найзабай Махабаев, «Карэнергосбыт» мекемесінің бас директоры болған Берік Бүкібаев, Балқаш қаласының прокуроры болған Рүстем Дүйсенбаев, Қарағанды облыстық білім басқармасының бас есепшісі Толқын Майкотова, Сарышыған полициясында жауапты қызмет атқарған Айтқұл Шөженов, Қарағанды облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары болған Айдос Бекмағамбетов, Қарағандыдағы «Евразия» банкі директорының орынбасары болған Алмас Асауов, Приозерск қаласында жауапты қызмет атқарып жүрген Ерік Балтышев, қазақ алфавитін латын графикасына көшіру әдістемесінің авторы, филолог-ғалым, Ш.Шаяхметов атындағы республикалық тілдерді дамыту орталығының директоры Ербол Тілешов – Тасаралдың тумалары.

Өнегелі өңір өнер адамдарынан да құралақан емес. Суырыпсалма ақын Қази атамыз, әуесқой сазгер-ақын Көбен Бекмағамбетов, әуесқой сазгер Наурызбай Бейсекеев, әуесқой сазгер-ақын Мейрам сері, әнші-күйшілер – Мұқыш Сатыбалдинов, Көкіман Майлыаяқов, Серікбол және Мағираш Шағжановтар, Сәулет Ахмедияева, Төкіш Күлмағанбетов және басқалары – солардың қатарында. Күнәділ атамыз темірден түйме түйсе, Жәңгір атамыз шынайы ағаш шебері болды. Шәріпбек пен Рақыш теріден, қайыстан қамшы өріп, ер-тұрман шапты. Ақыш жездеміз – ауылдың ісмер етікшісі. Ең құнды жәдігер – атақты Ақаш ұстаның қолынан шыққан күмістелген, арқардың мүйізінен ойылған ер-тұрман. Ол Кәрім ағаның үйінде сақтаулы тұр. Мен оны Кәрім ағаның рұқсатымен бір-екі рет Қарағандыда ұйымдастырылған көрмеге қойған едім. лер бар. Сонау Кеңес дәуірі кезінде Москвадан, Алматыдан ғалым-дәрігерлер келіп, жан-жақты зерттеу жүргізеді. Лабораториялық зерттеулердің қорытындысы бойынша емдік саздың сапасы өте жоғары болып шығады. Одақ бойынша алдыңғы қатарлы сазбен емдейтін шипажай ашу үшін ресми құжаттар дайындалады. Өкінішке орай, Кеңес Одағы тарап, игі ұсыныс қағаз жүзінде қалады. 1995 жылы Шежіре-жыршылар – Қази ақын, Рақыш Қайпышев және қазір жасы жүзге толып отырған Рахила апамыз. Осы кісілерден ел тарихына қатысты көптеген құнды мағлұматтар алдым. Жауырыны жерге тимеген жілікті жігіттер де баршылық. БалқашАқтоғай өңірінде Тасаралдың балуандары ешкімге дес бермей, финалда тек солар күресетін еді. Балқаштағы бір үлкен жарыста түйе балуандыққа Тасаралдан сегіз балуан шыққаны бар. Олар – әкелі-балалы Төлеухан мен Кеңтай Ахметовтер, ағалы-інілі Сүйіндік және Сағындық Әріновтер, Көбентай Бижанов, Серікбол Шағжанов, Марат Қосымханов, Тілеукеш Майкотов. Сол кезде Төлеухан әкеміздің 50-ден асқан кезі, ал Кеңтай ағамыз – жасөспірім бала. Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары және Кеңестер Одағының кілемдерінде күресіп, жеңімпаз атанған саңлақтар та бар. Мәселен, қазақша және еркін күрестен бірнеше дүркін чемпион Сағатай (Сағыжан) Аманжолов 1957-1958 жылдары жауырыны жерге тимеген Әбілсейіт Айхановты екі рет жеңіп, еліміздің екі мәрте абсолюттік чемпионы атанған, Орта Азия және Қазақстан студент-жастар ойынының жеңімпазы. Есімі аңызға айналған Алаш баһадүрі Ә.Айханов өз естелігінде: «Мен Қазақстанда тек балқаштық Сағыжан Аманжоловтан бір емес, екі мәрте жығылдым. Бірақ, Кеңес Одағы балуандарының бәрін жықсам да, мені Москвада отырған басшылар ашықтанашық қысым көрсетіп, не Олимпиада, не Дүниежүзінің чемпионатына жібермей қойды. Сондықтан, мен Сағыжанды мақтамаймын, онымен мақтанамын», – деп батырға тән мінезбен шындықты мойындайды. Қазақ және самбо күрестерінен халықаралық жарыстардың жеңімпазы, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Сүйіндік Әрінов, қазақ күресінен ел чемпиондары – Сайлау Тұрғанбеков пен Мәтібай Жамбеков, елімізде өткізілген түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары, балуандар – Сармантай және Еркебек Көккөзовтер, Нұрғазы мен Нұрлан Бікіровтер, Марат Қосымханов, Көбентай Бижанов, Серікбол Шағжанов, Төрехан Сағындықов, Аманбек Әлтаев, Төлеухан және Кеңтай Ахметовтер, Ұлан Қысанов, Тілеукеш Майкөтов, сондай-ақ, белгілі боксер Мақсұт Мақашев – кейінгі буын өнеге тұтар тұлғалар.

Атақты балуан, «Қазақстан барысының» жеңімпазы Ержан Шынкеевтің атасы мен әкесі – Тасаралдың тұрғындары. Олар Босаға ауылына кейінірек көшкен. Ержанның атасы Кеңған ақсақал ат құлағында ойнаушы еді. Тасарал ауылынан 6-8 шақырым жерде «Екісор» деген жер бар. Сол жерде қазақтың соңғы батырларының бірі Сәулебай атамыздың қыстағы болған, ол «Сәулебайдың қара төбесі» деп аталады. Сол заманда осы жерде аталарымыз тұз өндірісін жақсы дамытқан. Кірешілер тұзды қазақ елінің әр түкпіріне тек Сәулебай батырдың рұқсатымен ғана тасыған. Кеңес өкіметі кезінде де бұл жерде тұз өндірілді. Бірақ, 1949 жылы Балқаш көлінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұз өндіріс орны тұзды көлге айналады. Қазір «Балқаштұз» кәсіпоырыны тұз өндіріп жатыр. Сол жердегі емге шипа саз туралы да айта кеткен жөн. Бұл жердің емдік қасиеті туралы көптеген аңыз-әңгімеқоғам қайраткері, қазақтың біртуар азаматы Балқаш қаласы профилакториінде 30 жыл бас дәрігер болған Елубай Баймағамбетовті осы жерге әкеліп, емдік сазды көрсеткен едім. Ол кісі сазды Алматыға жан-жақты тұрғыда зерттеуге жіберген болатын. Ғалым-зерттеушілер саздың емдік қасиетіне жоғары баға беріп, содан осы күнге дейін Балқаш профилакториінде мыңдаған адам емдік садан шипа алуда. Олардың пікіріне сүйенсек, саздың емдік қасиеті өте жоғары. Биылдан бастап, Приозерскідегі Президенттік шаруашылық басқармасына тікелей бағынатын «Балқаш» шипажайы да осы емдік сазды қолдануға кірісті. «Тасарал» аралының ұзындығы солтүстіктен оңтүстік бағытында 10 шақырым, ал ені 6 шақырым болады. Ол Балқаш көліндегі ең үлкен арал болып саналады. Аралды адамдар сонау көне заманнан бері ғасырлар бойы мекендеген. Оның айғағы – 2008 жылғы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы «Сарыарқа» археология институтының ғылыми қызметкерлері басқарған археологиялық экспедицияның зерттеу қорытындылары. Аралдан б.д.д. II мыңжылдықтың қола дәуіріндегі тастардан қаланған 13 қорған табылған. Тоғыз қорған «Беғазы-Дәндібай» мәдениетіне жатса, қалғаны «Андрон» және «Нұра» мәдениеттеріне жатады. Қорғандар тас жәшіктерден, тік қойылған плита қоршаулардан, қорған-қоршаулардан және топырақтан үйілген қорғандардан тұрады. Қазіргі кезде 10 қоршау зерттелген. Осы арал 1928 жылдан 1959 жылға дейін менің жақын туған-туысқандарымның құтты мекен-жайы болған. Атап айтқанда, ол жерде 15 шақты отбасы өмір сүрді. Менен үлкен аға-апаларым сол жерде туып, өсті. 1959 жылы аралдың соңғы тұрғыны – менің нағашы әкем Көпбай қазының жиені Боқан Майлыаяқұлын Кеңес үкіметінің қолшоқпарлары күш көрсетіп, еріксіз түрде Тасарал ауылына көшірген. «Тасаралға» байланысты халық арасында кең тараған бірқатар аңыз-әңгімелер де бар. Бір қуанарлығы – «Тасарал» аралы «Қазақстанның киелі жерлері» тізіміне енді.

Биыл қасиетті мекен – Тасарал ауылының іргесі қаланғанына 90 жыл. Ал, алтын ұя – білім ошағына 85 жыл толады. Мерейтой алдағы 17 тамызға белгіленіп қойылды. Тойды ұйымдастырып, өткізу тобы да құрылды. Ауыл ажарын көркейтіп, абаттандыруға байланысты бірқатар шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, ауыл мешіті мен орта мектеп абаттандырылады. Балалардың спортпен шұғылдануына арналған алаң жабдықталады. «Балықшылар аллеясы» ауылдың көрікті жеріне айналуы тиіс. Орта мектепке аудио-бейне қондырғыларын, компъютер, спорт құрал-жабдықтарын алып беру де жоспарда тұр. Бұдан бөлек, тұрғындар суға түсетін көл жағалауын абаттандыру және тағы басқа да игі бастамалар қолға алынбақ.

«Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз» демекші, Тасаралдың тәмам жұртты тамсандырар шағы әлі алда. Ауылы ажарлы күйге енетін Ақжолтай Ағыбай бабамыздың аруағы халқымызды желеп-жебей берсін!

Жұмағұл ШӨЖЕНОВ,

Тасарал ауылының тумасы, ағыбайтанушы, өлке зерттеушісі,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Басқа материалдар

Back to top button