Қарқаралы

Тасқынға дайындық – тастүйін

Бірнеше күн тоқтамай жауған қар аудан халқын алаңдатуда. Себебі, күн жылысымен бірнеше елді мекенге су басу қаупі төнеді. Бүгінде тасқынның алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынуда.

Аудан әкімі Эльдар Дүйсетаев штаб отырысын өткізіп, дайындық жұмыстарын пысықтады. Су басу қаупі бар 13 елді мекенде төтенше оқиға орын алғанда байланыс жүйесін қамтамасыз ету, инертті материалдарды дайындау, халықты қауіпсіз жерге көшіру, қажетті техникамен және азық-түлікпен, дәрідәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Су басу қаупі бар автокөлік жолдарындағы су өткізгіш құбырлар ауыстырылып, қардан тазарту жұмыстары да жүргізілген. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының орынбасары Бекзат Рахымжанов баяндама жасады.

Бүгінгі күнге 1 мың қап сатып алынып, 150 тонна инерттік материалдар дайындалды. Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен 5,7 тонна азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін келісімшарт жасалды. Жыл басынан бері 1,125 мың текше метр қар шығарылды. Жергілікті бюджеттен 2 млн. 259 мың теңгеге Ақтасты, Бесоба, Татан, Өсібай, Қарабұлақ, Аппаз, Айрық, Теректі, Бақты елді мекендерінде жергілікті хабарлау жүйесі орнатылды. Сонымен қатар, аудан аумағындағы Оянаға, Қарқаралы, Сұлумұрт, Мырзашоқы және «Қазақмыстың» кен байыту фабрикасына қарасты су қоймалары тексеріліп, өзенкөлдердің су деңгейлері өлшеніп отыр.

 Ағымдағы жылы аталмыш жұмыстарды атқаруға аудандық бюджеттен 14 млн. 120 мың теңге қаражат қарастырылған.

Сағыныш ӘБІЛ

Басқа материалдар

Back to top button