Жаңалықтар

Тарихтан тағлым-өткенге тағзым

Орбита ықшам ауданында орналасқан орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №15 балалар кітапханасы еліміздің атаулы күндеріне орай түрлі шаралар өткізіп тұрады. Кітапхана ұжымы жұмыстарында №86 мектеппен үнемі байланыс орнатуды дәстүрге айналдырған.

Осындай шараның бірі – қазақ тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған зиялылар туралы оқырмандарға мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу. Ата-бабаларымыздың рухына тағзым ету.

Шара барысында зобалаң жылдардың зұлматы жайлы мағлұматтар беріліп, қазақ халқының сан қилы қиындықтарды бастан өткергенін, қазақ зиялыларының басынан кешкен қиын жағдайлары жайлы айтылды. Оқушылар бастан өткерген небір сұмдықты, қасіретті кітапхана қорындағы кітаптар мен мерзімді басылым беттеріндегі жарияланған мақалалардан оқып білді. Сондай-ақ, қуғын-сүргінге ұшыраған отбасының ұрпағы – Сәуле Тәукелова да қонақ ретінде шақырылды. Сәуле апай сонау 1930 жылдарда қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігімен таныс болған. Зұлмат жылдардың құрбаны болған әкесі Ибади Тәукелов туралы тарихта жоқ деректерді келтірді. Қу ауданы, №2 ауылында туып-өсіп, балаларына заманына сай тәлім-тәрбие бере білген азамат екендігін, елін сүйе білген жан екендігін әңгімеледі.

Шараға қатысқандар тарихтың әлі де ашылмай жатқан ақтаңдақтарының бар екендігіне көз жеткізе отырып, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осындай жандардың өмірі туралы келешек ұрпақтың біліп өсетініне разылық білдірді.

А.ЗЕКЕНОВА,

№86 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button