Рухани жаңғыру

Тарихи орындарға табан тигізді

    Облысымызда Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласындағы «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасы аясындағы «Өлкетану» бағыты негізінде «Менің Отаным – Қазақстан» жобасы жүйелі жүзеге асуда.

Ауқымды жобаның негізгі мақсаты – Отанымыздың тарихы мен мәдениеті туралы толымды мағлұмат беріп, оқушылардың ой көкжиегін кеңейту. Осы мақсатта қалалық және аудандық білім бөлімдері оқушыларға арнап, аймағымыздағы тарихи және киелі орындарға экскурсия ұйымдастырды.

Мұндай шаралар оқушылардың туған өлкеміздің мәдениеті мен тарихына деген қызығушылығын оятып, өскелең ұрпақ бойында патриотизмді қалыптастыруға зор үлес қосары белгілі.

Сөйтіп, жоба аясында Жезқазған және Сәтбаев қаласының 40 мектеп оқушысы Алаша хан, Жошы хан және Домбауыл  кесенелерінде болып, Ұлы дала төріндегі тарихи орындарға табан тіреді. Өз кезегінде, Осакаров ауданының 20 оқушысы Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент Тарихи-мәдени орталығына ат шалдырып, Елбасымыздың еңбек жолымен танысу құрметіне ие болды.

Бұдан бөлек, тағы 20 оқушы Долинка кентіндегі «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» мұражайында болып қайтты.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button