Жаңалықтар

«Талапкер-2020» облыстық үздік жарнама байқауы өтті

Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Қарағанды гуманитарлық колледжі бірлесіп облыстың техникалық   және   кәсіптік   білім  беру ұйымдары арасында кәсіптік бағдар беру бойынша «ТАЛАПКЕР-2020» үздік жарнама байқауын өткізді.

Суретті түсірген автор

Байқау оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыруға ықпал ету, техникалық   және   кәсіптік   білім  беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жүйесін жетілдіру, әлеуметтік серіктестер арасында өзара ынтымақтастықты кеңейту, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен мамандықтарды болашақ талапкер жастар арасында жарнамалау, кәсіптік бағдар жұмысы бойынша үздік жарнама жұмысын анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауды құттықтау сөзімен ашқан Қарағанды гуманитарлық колледжінің директоры, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Амиров Есжан Сарманқұлұлы кәсіптік бағдар беру бойынша колледжде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндай келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Келесі сөз Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері  Альханова Асель Темирхановна кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстар облысымызда жүйелі жүргізіліп келе жатқанын және кәсіптік бағдар беру бойынша колледждер және әлеуметтік серіктестер арасында өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын кеңейту керек екенін айтты. Барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға қатысушылар төмендегі үш номинация бойынша өз жұмыстарын қорғады.

  1. Қарағанды облысында техникалық және кәсіптік білім беруді талап ететін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың тұсаукесері;

  2. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жарнамасы;

  3. Кәсіби бейімделу және кәсіби іріктеу бағыты бойынша мектептермен әлеуметтік серіктестік бойынша жұмысты жарнамалау.

Бірінші номинация бойынша – 1 орын «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖМ; 2 орын – «Қарағанды облыстық жоғары мейірбике колледжі» КМК; 3 орын – «А. Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК.

Екінші номинация бойынша – 1 орын «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК; 2 орын – «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК; 3 орын – «Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК.

Үшінші номинация бойынша – 1 орын «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ; 2 орын – «Жезқазған бизнес және көлік колледжі» ЖМ; 3 орын – «Мирас» Теміртау көпсалалы колледжі» ЖМ.

«ТАЛАПКЕР-2020» үздік жарнама байқауына жалпы облысымыздың колледждерінен 67 жұмыс келіп түсті және барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Байқау жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Д.К.ИСАТАЕВ

«Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК

директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары

Басқа материалдар

Back to top button