Бас тақырыпЖаңалықтар

Талапкер – 2019: “мүмкіндікті мүлт жіберме”

Мектеп бітірушілер ҰБТ-ден кейін жоғары оқу орны мен мамандық таңдауға кіріседі. Сондықтан, талапкерлерге еліміздегі ЖОО-дан басқа, шетелде оқуға мүмкіндік беретін бағдарламалар жайлы айта кеткен жөн. Мәселен, Елбасының бастамасымен құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы білім гранттарына байқау жариялайды.

Қытай Оңтүстік медицина университеті қазақстандық талапкерлерге байқау жариялайды:

Оңтүстік медицина университеті стипендиясының үміткерлері бакалавриатқа үміткерлердің орта білімі туралы аттестаты және жас мөлшері 30 жасқа дейін болуы тиіс. Бакалавр дәрежесіне үміткерлердің орташа балл саны 75 балл болу қажет. Құжаттардың сканды көшірмелерін: studysmu@smu.edu.cn электронды поштасына жіберу тиіс.

 ***

 Корея Республикасының ең ірі Пусан ұлттық университеті Қазақстаннан келетін талапкерлерге тегін білім алу үшін 11 факультет бойынша 29 квота ұсынады: Онлайн тіркеу: 2019 жылғы 20–29 мамыр аралығында www.studyinkorea.go.kr сайты арқылы жүргізіледі.

***

 Жапония Білім министрлігінің (МЕХТ) стипендиялық бағдарламалары «Студент (Гакубусэй)» бағдарламасы арқылы студенттерден өтініш қабылдайды. «Гакубусей» бағдарламасына арналған өтініш формасы https://www.studyjapan. go.jp/jp/smap_stopj-applications_ undergraduate.html сілтемесінде.

***

COPERNICUS: Шығыс және Орталық Еуропа, Орталық Азия елдерінің студенттеріне Берлин және Гамбург қалаларында құқықтану; саясаттану / халықаралық қатынастар; экономикалық ғылымдар; гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар; жаратылыстану ғылымдарын семестрлік оқудан өту үшін 6-10 стипендияны ұсынады.

Берлин Гумбольдт университеті мен Гамбург университетіндегі беттерінде оқу пәндерінің нақты тізімі бар құжаттарды stip-bewerbung@copernicus-stipendium.de арқылы көруге болады.

Басқа материалдар

Back to top button