Главная » Архив меток: Поэзия

Архив меток: Поэзия

Байыт Қабанұлы: Әйгілі қолбасшы хан Шыңғыспен бетпе-бет

Алдияр хан сегіз жүз жыл бұрын келген әлемге. Келе салып әлек салған бар елге. «Қолымды алып, бас имеді» — деп, ашуға баспаңыз. Менің қолым — қандауға емес жаратылған дәрі емге.   Сен де атақты ДЕЛҮҮНДЕЙ жерденсің. Мен де атақты ДЕЛҮҮНДЕЙ жерденмін. Сен әлемге жаралғанда — ҚАН уыстап келгенсің. Мен әлемге жаралғанда ӘН уыстап келгенмін.   Сен әлемге хан болуды, заң ...

Читать далее »

НЕ ҚАЙЫР — Алмас Темірбай

Алты Алашың алтыға, Үш жүзің үшке бөлінсе. Аждаһа төніп халқыңа, Ажалы көзге көрінсе… Ұлдарың кетсе Ұрымға, Қыздарың кетсе Қырымға. Қаларсың жалғыз, шынында, Қолыңды тығып мұрынға. Көшпелі қазақ баласы, Көшіп жүр әлі қаңғырып. «Елім -айлаған » зары ащы Естілер бүгін күн жаңғырып. Есеп білетін көршіміз, Есеңді жесе не істерсің?! Есек мінетін көршіміз Есеңгіретсе не істерсің?! Соншалық сені сорлы ғып, Сорлатты екен ...

Читать далее »

Әлем алдында — Өмірзақ Қожамұратов

Жапон, үнді, ағылшын да, негр де, Өз көгім деп жыр оқиды елінде. Аспан жайлы өлеңім бар менің де, Бір аспандай айтып жүрміз, тегін де. Француз да, немістер де, негр де, Жыр жазады өз жерім деп елінде. Дала жайлы дастаным бар менің де, Мына әлемді жырлап жүрміз, тегінде. Жұмыр жердің қай тұсында көз ілдір, Тынысым бір, тірлігім бір, сөзім бір. Ей, ...

Читать далее »

«Мем­сыйлық» туралы — Серік Ақсұңқарұлы

  Болсам да керім ұлы кемел ұлттың, Пендеден зият қашан кереліктің. Алмаймын Мемлекеттік сыйлықты да, Қолынан мемлекетсіз шенеуніктің.   Пендені қайтем, Күнде салып бір ән. Алланың алдына ылғи барып тұрам. Гомердің кісілігі менде қалған, Нобельдің сыйлығын да тәрк қылам.   Туа сап алтын құрсақ анашымнан, Ақын боп арыстандай аласұрғам. Алланың көзі келіп маған түссе, Миллион Алаш ұлы арасынан.   Жарымай, ...

Читать далее »

Байыт Қабанұлы — Мен кешіп жүрген дүние біреуден кеше қалғансың!

Мен сондықтан да  бетімді бұрмай бет алдымдағы жайға түк, Табан жалағыш ат атаққа емес,  атылып жүрмін Айға тік, Ит болып үрсем шыдайтын едім  итаяғыма құйылған астың құны үшін, Көк бөрі сертім жібермеді оған  қанымды бұрқ-бұрқ қайнатып.     Байыт Қабанұлы — журналист, филология ғылымдарының кандидаты, бірнеше жыр кітабы мен ғылыми еңбектерінің авторы.       САРЫ ҚЫЗДЫ САҒЫНДЫМ Батырлардың ертегісін ...

Читать далее »

Сағыныш (Қ.Медеубаевқа)

Булығып бойда кетті өлең, Шумағы ретсіз… ретпенен. Сағыныш бар-ды біздерде Пендеуи сана жетпеген. Құрлықтан озған қиялдай, Армандап тағы сыя алмай. Бейкүнә шақты отырмын Өлеңнен сұрап ұялмай, Өмірге көзім қия алмай… Құдайым қалай дарытқан?! Қияндап кеттік қалыптан. Жанымызды алшақ қыла алмай Құрлықтар менен сауыт тән. Жаныңды, жаным, мендей көр, Талантқа тар-ау көңдей жер. Құдірет рухы Құдайдың Осыдан кейін сенбей көр… Мәңгілік ...

Читать далее »